EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ОТБАСЫ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ ҚЫЗМЕТІ

М. Мұратқызы, М. Дуранлы, А.Б. Алтыбаева, Ж.А. Акдаулетова

«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы» · 2026-10 · 82 (3)

DOI: 10.48371/phils.2026.3.82.017 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 2026-10. Verfasst von М. Мұратқызы und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Зерттеу жұмысында қазақ отбасы ғұрып фольклорындағы соматикалық фразеологизмдердің семантикалық және функционалдық ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыдан кешенді түрде қарастырылады. Отбасы ғұрып фольклоры адамның өмірлік циклін (туу, үйлену, өлу) реттейтін дәстүрлі рәсімдермен байланысты қалыптасқан рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы мәтіндерде қолданылатын соматикалық фразеологизмдер адамның ішкі эмоциялық күйін ғана емес, қауымдық дүниетанымды, әлеуметтік қатынастарды және дәстүрлі мінез-құлық нормаларын бейнелейтін маңызды тілдік құрал ретінде көрінеді.Зерттеудің мақсаты – қазақ отбасы ғұрып фольклорындағы соматикалық фразеологизмдердің семантикалық жүктемесін, олардың ғұрыптық контекске байланысты мағыналық түрленуін және фольклорлық мәтіндегі функционалдық қызметін анықтау. Зерттеу нысаны ретінде адамның дене мүшелеріне қатысты атауларға негізделген тұрақты тіркестердің әлпештеу, үйлену және азалау ғұрып фольклорындағы қолданысы алынды.Зерттеудің дереккөзін «Бабалар сөзі» көптомдығының әлпештеу фольклоры (72-том), үйлену ғұрып фольклоры (90-том) және азалау ғұрып фольклоры (91-том) материалдары құрайды. Материалдарды талдау барысында тұтас іріктеу, сипаттамалы, салыстырмалы-семантикалық және контекстік талдау әдістері қолданылды.Зерттеу нәтижесінде құлақ, бас, қабырға, жүрек, қол, көз, қабақ, маңдай соматизмдеріне негізделген фразеологизмдердің ғұрыптық мәтіндерде әртүрлі семантикалық жүк арқалайтыны анықталды. Әлпештеу фольклорында жүрек пен көз соматизмдері өмірдің басталуына байланысты қуаныш, мейірім, алаңдаушылық сияқты эмоциялық күйлерді білдірсе, үйлену ғұрпында қол, қабақ, құлақ, бас, маңдай соматизмдері әлеуметтік мәртебенің өзгеруін, иерархиялық қатынастарды және мінез-құлық нормаларын бейнелейді. Ал азалау ғұрып фольклорында көз, жүрек, қабырға, бас, маңдай соматизмдері қайғының терең психологиялық сипатын, рухани күйзелісті және тағдырлық түсініктерді білдіретін бейнелі тілдік құрал ретінде көрінеді.Зерттеу қорытындысы соматикалық фразеологизмдердің қазақ отбасы ғұрып фольклорында өмірлік циклдің шекаралық кезеңдерін белгілеуші мәдени-семиотикалық код қызметін атқаратынын көрсетеді. Бұл құбылыс өтпелі ғұрыптар теориясы тұрғысынан түсіндіріліп, соматикалық фразеологизмдердің ұлттық дүниетанымды танытатын маңызды тілдік репрезентанттар екені айқындалды. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми маңызы – қазақ фразеологиясын фольклорлық және этномәдени контексте кешенді талдауға негіз болуымен, ал практикалық маңызы – этнолингвистика, фольклортану және тіл мәдениеті салаларындағы зерттеулерде қолданылу мүмкіндігімен анықталады.

Zitieren

APA

Мұратқызы, М., Дуранлы, М., Алтыбаева, А., & Акдаулетова, Ж. (2026). ОТБАСЫ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ ҚЫЗМЕТІ. «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 82(3). https://doi.org/10.48371/phils.2026.3.82.017

Vancouver

Мұратқызы М, Дуранлы М, Алтыбаева А, Акдаулетова Ж. ОТБАСЫ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ ҚЫЗМЕТІ. «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы». 2026;82(3). doi:10.48371/phils.2026.3.82.017

BibTeX
@article{2026,
  author = {Мұратқызы, М. and Дуранлы, М. and Алтыбаева, А.Б. and Акдаулетова, Ж.А.},
  title = {ОТБАСЫ ҒҰРЫП ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ СОМАТИКАЛЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҒҰРЫПТЫҚ ҚЫЗМЕТІ},
  journal = {«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы»},
  year = {2026},
  volume = {82},
  number = {3},
  doi = {10.48371/phils.2026.3.82.017}
}
Kostenlos starten →