ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АВИАЦИЯ САЛАСЫ КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 499-515
DOI: 10.48081/bgqf2008 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Ә. А. Сексембаева und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі авиация саласы терминдерінің басым бөлігі ағылшын және орыс тілдерінен енгендігі, оның ішінде орыс тілінен транслитерацияланған, калькаланған немесе халықаралық стандарттарға сай қабылданған терминдердің мол екендігі анықталды. Сондай-ақ бұл салада синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы, төл сөздеріміздің метафоралануы нәтижесінде лексика-грамматикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің де кездесетіндігі тілдік мысалдармен дәлелденді. Авиация саласындағы көптеген терминдердің қазақ тіліне әртүрлі нұсқаларда (аударылып та, транслитерацияланып та) қолданылуы, яғни терминологиялық бірізділіктің толық қалыптаспағандығы сауалнама тәсілі арқылы дәйектелді. Мақалада қазақ тіліндегі авиация терминдерінің қолданысы қарастырыла келе, осы сала терминологиясын дамытуға, кәсіби коммуникацияны мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдіруге қатысты мынадай ұсыныстар жасалды: а) қарастырылып отырған сала терминдерінің халықаралық және ұлттық стандарттармен үйлесімділігін қамтамасыз ету; ә) терминдер жасауда қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау, яғни ұлттық терминжасам тәсілдеріне басымдық беру; ә) терминдерді қалыптастыру және енгізу кезінде тілші ғалымдар мен авиация саласының мамандары арасындағы тығыз ынтымақтастықты арттыру; б) терминологияның біріздендірілуі мен жүйеленуі үшін ақпараттық технологияларды қолдану. Мақалада қойылған мақсаттарға жету үшін салғастырмалы талдау, морфологиялық талдау, этимологиялық талдау, сауалнама әдісі, статистикалық әдіс қолданылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің қазақ тіліндегі авиация саласы терминологиясын дамыту, мемлекеттік тілдің авиация саласында қолданылу аясын кеңейту, авиация саласы мамандарына қазақ тілінде кәсіби білім берудің тиімділігін арттыру және т.б. ғылыми-практикалық маңызы жоғары деп саналады.
Zitieren
APA
Сексембаева, Ә. А., Құлманов, С. Қ., & Әшімбаева, Н. М. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АВИАЦИЯ САЛАСЫ КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 499-515. https://doi.org/10.48081/bgqf2008
Vancouver
Сексембаева ӘА, Құлманов СҚ, Әшімбаева НМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АВИАЦИЯ САЛАСЫ КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:499-515. doi:10.48081/bgqf2008
BibTeX
@article{2026,
author = {Сексембаева, Ә. А. and Құлманов, С. Қ. and Әшімбаева, Н. М.},
title = {ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АВИАЦИЯ САЛАСЫ КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ, ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {499--515},
doi = {10.48081/bgqf2008}
}
EUVIMED