БИЗНЕС ДИСКУРСТАҒЫ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАРКЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 27.03.2026 · (1,2026) · 282-292
DOI: 10.48081/bgqf1755 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 27.03.2026. Verfasst von Б. М. Кадырова und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақалада паралингвистикалық маркерлер ұғымы қазіргі лингвистикадағы дискурстық бағыт аясында кешенді түрде қарастырылады. Мақаланың кіріспе бөлімінде паралингвистика саласы бойынша шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалып, паралингвистикалық құбылыстарды сипаттаудағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен бағыттар сарапталады. Зерттеудің негізгі нысаны – бейвербалды коммуникация құрамындағы интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу темпі, кідіріс, мимика, жест сияқты паралингвистикалық құралдардың қызметі. Аталған маркерлердің институционалдық дискурстың бір түрі ретіндегі бизнес дискурс контексінде мағына түзуші және коммуникативтік қызметтері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында паралингвистикалық маркерлер функционалдық тұрғыдан жіктеліп, олардың экспрессивтік, прагматикалық, регулятивтік, стратегиялық және мәдени қызметтері сипатталады. Нақты іскерлік коммуникация материалдары негізінде бұл маркерлердің қатысым тиімділігін арттыру, коммуникациялық стратегияны қалыптастыру, аудиторияға ықпал ету және мәдени сәйкестікті қамтамасыз етудегі рөлі айқындалады. Сонымен қатар мақалада паралингвистикалық маркерлердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерге сәйкес түрленуі мен әртүрлі тілдік және кәсіби ортада қолданылу ерекшеліктері ғылыми дәлелдермен негізделеді. Зерттеу нәтижелері паралингвистикалық маркерлерді бизнес дискурста тиімді қолдану жолдарын көрсетіп, коммуникациялық мәдениетті жетілдіруге және кәсіби сөйлеу шеберлігін дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар жасауға негіз бола алады.
Zitieren
APA
Кадырова, Б. М., & Жумабекова, Б. Б. (2026). БИЗНЕС ДИСКУРСТАҒЫ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАРКЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 282-292. https://doi.org/10.48081/bgqf1755
Vancouver
Кадырова БМ, Жумабекова ББ. БИЗНЕС ДИСКУРСТАҒЫ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАРКЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:282-292. doi:10.48081/bgqf1755
BibTeX
@article{2026,
author = {Кадырова, Б. М. and Жумабекова, Б. Б.},
title = {БИЗНЕС ДИСКУРСТАҒЫ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАРКЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {282--292},
doi = {10.48081/bgqf1755}
}
EUVIMED