ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ КЕСКІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Science and Technology of Kazakhstan · 30.06.2026 · (2, 2026) · 163-179
DOI: 10.48081/bgqf2223 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Science and Technology of Kazakhstan, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Д. Ж. Меңлен und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Машина жасау өндірісінде қиын өңделетін материалдарды механикалық өңдеу кезінде кесуші құралдардың мерзімінен бұрын істен шығуы мәселесі бар екендігі және оның өндіріс тиімділігіне айтарлықтай әсер ететіндігі мәлім болды. Осы мәселенің шешімі ретінде қолданыстағы механикалық өңдеу әдістерінің орнына импульсті салқындатуға ие термофрикциялық өңдеу әдісін қолдануды өрбіту мақсат етіп қойылған болатын. Қәзіргі уақытта бұл бағытта бірқанша жетістіктерге қол жеткізілген. Бірақ-та, жүргізілген зерттеу нәтижелері термофрикциялық құралдардың кесуші жиектерінде жарықтардың пайда болуы және тозу, сынып түсу сияқты мәселелер бар екендігін көрсетті. Сондықтан мақалада импульсті салқындатуға ие термофрикциялық құралдардың тозуға төзімділігін арттыру мәселесі қарастырылған. Импульсті салқындатуға ие термофрикциялық өңдеу әдістерінің кесу механизмі өңдеу аймағында жиілікті түрде «қыздыру-салқындату» циклін қалыптастыру арқылы сыртқы үйкелісті ішкі үйкеліске ауыстыруға негізделген, бұл кесу процесінің энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде термофрикциялық кесу құралдарының тозуға төзімділігін арттыру мақсатында жоғары беріктікке ие балқыма материалмен олардың кесу жиектерін балқымалау әдісі қолданылғандығы анықталды. STOODY M7-G материалымен балқытылған термофрикциялық құралдардың дәстүрлі термофрикциялық құралдармен салыстырғанда 1,5-2 есе жоғары жұмыс ресурсына ие екендігі эксперименталды түрде дәлелденген. Сонымен қатар, балқымалау әдісінің жоғары еңбек сыйымдылығы мен технологиялық өзіндік құнының жоғары екендігі анықталды. Осыған байланысты термофрикциялық құралдардың кесуші бөлігінің тозуға төзімділігін, оларды даярлау кезінде, технологиялық тәсілдермен қамтамасыз ететін баламалы әдісті әзірлеу өзектілігі негізделді. Кілтті сөздер: термофрикциялық өңдеу, импульсті салқындату, термофрикциялық кесуші құрал, тозуға төзімділік, қиын өңделуші материалдар, технологиялық әдіс.
Zitieren
APA
Меңлен, Д. Ж., Шеров, А. К., Карсакова, Н. Ж., Имашева, К. И., & Жумагалиев, Б. О. (2026). ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ КЕСКІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ. Science and Technology of Kazakhstan, 163-179. https://doi.org/10.48081/bgqf2223
Vancouver
Меңлен ДЖ, Шеров АК, Карсакова НЖ, Имашева КИ, Жумагалиев БО. ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ КЕСКІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ. Science and Technology of Kazakhstan. 2026:163-179. doi:10.48081/bgqf2223
BibTeX
@article{2026,
author = {Меңлен, Д. Ж. and Шеров, А. К. and Карсакова, Н. Ж. and Имашева, К. И. and Жумагалиев, Б. О.},
title = {ТЕРМОФРИКЦИЯЛЫҚ КЕСКІШ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТОЗУҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ},
journal = {Science and Technology of Kazakhstan},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {163--179},
doi = {10.48081/bgqf2223}
}
EUVIMED