EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

А. Е. Алмас, С. Ж. Ибадуллаева

Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series · 29.06.2026 · (2, 2026) · 62-74

DOI: 10.48081/bgqf2100 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, online erschienen am 29.06.2026. Verfasst von А. Е. Алмас und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл мақалада қазіргі білім беру кеңістігіндегі оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылады. Ғылыми-зерттеу дағдылары – білім алушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, мәселені анықтау, гипотеза қалыптастыру, деректерді жинау, талдау және қорытынды шығару қабілеттерін қамтитын күрделі құзыреттілік. Зерттеудің өзектілігі жаһандану, цифрландыру және ақпарат көлемінің жедел артуы жағдайында оқушылардың өз бетінше ізденуі мен ғылыми ойлауын дамыту қажеттілігімен түсіндіріледі. Мақалада ғылыми-зерттеу дағдысының теориялық негіздері талданып, оның құрылымдық компоненттері, қалыптастыру кезеңдері және білім алушы тұлғасының дамуына әсері сипатталады. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен шарттарды айқындау. Осы мақсатта талдау, салыстыру, жүйелеу, бақылау және тәжірибелік әдістер қолданылған. Мақалада зерттеушілік оқытудың конструктивизм және инквайри-бейст тәсілдерімен байланысы ашылып, оларды оқу процесінде қолданудың мүмкіндіктері көрсетіледі. Сонымен бірге халықаралық тәжірибелерге, атап айтқанда Финляндия мен Сингапурдың білім беру үлгілеріне талдау жасалып, олардың зерттеушілік бағыттағы табысты стратегиялары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері оқушылардың зерттеушілік әрекетін тиімді ұйымдастыру білім сапасын арттырып, олардың ғылыми ойлауын, шығармашылық белсенділігін және функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Мақаланың практикалық маңыздылығы – ұсынылған әдістер мен тәсілдердің мұғалімдердің күнделікті жұмысында қолдануға жарамдылығы мен оқушылардың ғылыми жобаларға қатысу белсенділігін арттыру мүмкіндіктерімен анықталады. Кілтті сөздер: ғылыми-зерттеу дағдылары, оқушылардың зерттеушілік әрекеті, педагогикалық шарттар, ғылыми ойлау, деректерді талда,; зерттеушілік оқыту.

Zitieren

APA

Алмас, А. Е., & Ибадуллаева, С. Ж. (2026). ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, 62-74. https://doi.org/10.48081/bgqf2100

Vancouver

Алмас АЕ, Ибадуллаева СЖ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. 2026:62-74. doi:10.48081/bgqf2100

BibTeX
@article{2026,
  author = {Алмас, А. Е. and Ибадуллаева, С. Ж.},
  title = {ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {62--74},
  doi = {10.48081/bgqf2100}
}
Kostenlos starten →