EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУЛЕРДЕГІ ЖҰПТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛМАУЫН ЗЕРТТЕУ

В. Н. Жумабекова, Б. Ержан, Н. Н. Оразмұхамет, А. С. Кувандикова

Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 168-188

DOI: 10.48081/bgqf2039 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von В. Н. Жумабекова und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл мақалада әлсіз өзара әрекеттесулердегі жұптылықтың сақталмауы төмен энергиялы екі нуклондық процестер аясында теориялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – ядролық жүйелердегі паритет-бұзушы әсерлердің табиғатын талдау және оларды сипаттауда қолданылатын теориялық тәсілдердің мүмкіндіктерін айқындау. Жұмыста алдымен жұптылықтың сақталмауының жалпы физикалық негіздері қарастырылып, әлсіз және күшті амплитудалардың интерференциясы нәтижесінде туындайтын спинге тәуелді бақыланатын шамалардың ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, Дрелл–Хирн–Герасимов қосынды ережесі, спинге тәуелді Комптон шашырауының дисперсиялық қатынастары және дибариондық формализмдегі пионсыз тиімді өріс теориясы қолданылды. Қарастырылған тәсілдердің төмен энергиялы адрондық жүйелердегі әлсіз әсерлерді сипаттаудағы артықшылықтары мен қолданылу шектері салыстырмалы түрде талданды. Теориялық зерттеу нәтижесінде дейтронның фотодезинтеграциясы кезіндегі спинге тәуелді толық қималар айырымының фотон энергиясына тәуелділігі зерттелді. Сандық есептеулер табалдырық аймақта бұл шаманың теріс мән қабылдайтынын, ал фотон энергиясы артқан сайын оның модулінің кемитінін көрсетті. Толық келесі жетекші реттілік (NLO) нәтижелері мен релятивистік спин-орбиталық түзетуі ескерілмеген қисықтарды салыстыру релятивистік түзетулердің төмен энергиялы дейтрондық жүйені дәл сипаттауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Алынған нәтижелер төмен энергиялар аймағындағы әлсіз ядролық әсерлерді тереңірек түсінуге және болашақ эксперименттік зерттеулерді теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: жұптылықтың сақталмауы, дибариондық формализм, әлсіз өзара әрекеттесу, дейтронның фотодезинтеграциясы, дисперсиялық қатынастар.

Zitieren

APA

Жумабекова, В. Н., Ержан, Б., Оразмұхамет, Н. Н., & Кувандикова, А. С. (2026). ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУЛЕРДЕГІ ЖҰПТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛМАУЫН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 168-188. https://doi.org/10.48081/bgqf2039

Vancouver

Жумабекова ВН, Ержан Б, Оразмұхамет НН, Кувандикова АС. ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУЛЕРДЕГІ ЖҰПТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛМАУЫН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2026:168-188. doi:10.48081/bgqf2039

BibTeX
@article{2026,
  author = {Жумабекова, В. Н. and Ержан, Б. and Оразмұхамет, Н. Н. and Кувандикова, А. С.},
  title = {ӘЛСІЗ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУЛЕРДЕГІ ЖҰПТЫЛЫҚТЫҢ САҚТАЛМАУЫН ЗЕРТТЕУ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {168--188},
  doi = {10.48081/bgqf2039}
}
Kostenlos starten →