EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

АСҚАР АЛТАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫНЫҢ МИСТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

А. А. Утешова, Н. К. Мәтбек

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 686-697

DOI: 10.48081/bgqf2021 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von А. А. Утешова und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл мақалада қазіргі қазақ прозасындағы мистикалық элементтердің көркемдік және философиялық табиғаты Асқар Алтай шығармалары мысалында кешенді түрде талданады. Жазушының «Қызыл бөлтірік», «Қара бура», «Туажат», «Кентавр» атты туындылары негізінде кейіпкер болмысының рухани трансформациясы – экзистенциалдық дағдарыс, ішкі жаңғыру және ұлттық санаға оралу үдерісі ретінде қарастырылады. Мақсат – мистикалық кеңістік пен архетиптік бейнелердің (қасқыр, түйе, кентавр) кейіпкердің ішкі өзгерісіне ықпалын анықтау, олардың қазақ дүниетанымындағы көркемдік қызметін зерделеу.Зерттеу әдістемесі ретінде герменевтикалық, мифопоэтикалық және экзистенциалдық әдістер қолданылды. Бұл тәсілдер арқылы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіндегі күйзеліс, танымдық сілкініс және рухани ояну үдерістері жан-жақты сипатталады. Мистика тек көркемдік тәсіл ретінде ғана емес, ұлттық руханиятты жаңғырту, тарихи жадты сақтау және оқырманды өзін-өзі тануға жетелеудің құралы ретінде ұсынылады. Асқар Алтай прозасында реал мен ирреал, сана мен түпсананың, уақыт пен кеңістіктің шекаралары жойылып, мистикалық кеңістік ерекше символдық өлшемге айналады. Архетиптік бейнелер – көркем мәтіннің мәдени-кодтық жүктемесін тереңдете түсетін негізгі құрал. Олар кейіпкердің тұлғалық эволюциясын бейнелеп қана қоймай, қазақ әдебиетіндегі неомифологиялық эстетиканы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мақалада мистикалық проза мен ұлттық болмысты байланыстыратын көркемдік механизмдер ашылып, Асқар Алтай шығармашылығы қазіргі қазақ әдебиетінің рухани-философиялық ізденістер кеңістігінде ерекше орын алатыны дәлелденеді.

Zitieren

APA

Утешова, А. А., & Мәтбек, Н. К. (2026). АСҚАР АЛТАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫНЫҢ МИСТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 686-697. https://doi.org/10.48081/bgqf2021

Vancouver

Утешова АА, Мәтбек НК. АСҚАР АЛТАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫНЫҢ МИСТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:686-697. doi:10.48081/bgqf2021

BibTeX
@article{2026,
  author = {Утешова, А. А. and Мәтбек, Н. К.},
  title = {АСҚАР АЛТАЙ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР БОЛМЫСЫНЫҢ МИСТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {686--697},
  doi = {10.48081/bgqf2021}
}
Kostenlos starten →