Қазіргі қазақ прозасындағы диалогизм көріністері (Бахтин концепциясы аясында)
«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы» · 2026-10 · 82 (3)
DOI: 10.48371/phils.2026.3.82.042 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 2026-10. Verfasst von А.Ж. Сисенбай und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл зерттеуде Асқар Алтай мен Дулат Исабеков прозасындағы диалогизм құбылысы М.М. Бахтиннің теориялық ұғымдары аясында талданады. Қазіргі қазақ прозасында мағына тек авторлық баяндаудың біржақты логикасынан емес, мәтін ішінде қатар өмір сүретін дауыстардың қақтығысы мен келісімі арқылы жасалатыны өзекті мәселе ретінде алынады. Зерттеудің мақсаты – екі автор мәтіндерінде мағынаның қалай құралатын тетіктерін айқындап, диалогизмнің тұрақты формаларын және олардың көркемдік қызметін салыстырмалы түрде сипаттау. Зерттеудің міндеттері: Бахтиннің диалогизмге қатысты негізгі ұғымдарын жүйелеу; Асқар Алтай мен Дулат Исабеков мәтіндеріндегі автор сөзі мен кейіпкер сөзінің арақатынасын анықтау; бөтен сөз, гетеро глоссия және ішкі диалог көріністерін талдау; екі автор прозасындағы диалогизмнің көркемдік қызметін салыстыру. Зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары бахтиндік диалогизмнің төрт өлшемін жүйелеуге құрылған: автор сөзі мен кейіпкер сөзінің қабаттасуы (екі дауыстылық), бөтен сөздің кірігуі, гетероглоссия (әлеуметтік тіл қабаттарының қатар жүруі), ішкі диалог пен сана диалогы. Материал ретінде аталған авторлардың қазіргі қазақ прозасына жататын шығармаларынан іріктелген диалогтық эпизодтар, авторлық баяндау араласқан тұстар, ішкі монолог фрагменттері және дайын тілдік формулалар (мақалға жақын тіркестер, дәстүрлі-діни сөз орамдары, қоғамдық-тарихи атаулар) алынды. Әдіснамада мәтіндегі дауыс қатынастары мен бағалау акценттерін анықтауға бағытталған диалогтық талдау қолданылып, репликалардың прагматикалық қимылдары, жасырын полемика, ирония және адресатқа бағдарлану тәсілдері сараланды. Нәтижелер Д.Исабеков прозасында авторлық дистанция, астарлы бағалау мен ирония арқылы екі қабатты мағынаның жиі туатынын көрсетті; мұнда диалогизм көбіне әлеуметтік-этикалық ұстанымды жасырын түрде білдіретін полемикалық құрылымға айналады. А.Алтай мәтіндерінде шешуші сәттердегі репликалар мен ішкі диалог психологиялық және моральдық тартысты күшейтіп, кейіпкердің ар-ождан кеңістігін драматизациялайды. Екі авторда да бөтен сөз мәдени және қоғамдық дауыстарды енгізіп, кейіпкер тілін жеке сөйлеу деңгейінен шығарады, ал гетероглоссия құндылықтар қақтығысын айқындайтын көпқабатты дискурстық орта түзеді. Қорытындыда Бахтин ұғымдары қазіргі қазақ прозасындағы мағына өндірісін, көпдауыстылық пен құндылықтық шиеленісті дәл сипаттайтын тиімді әдістемелік құрал екені негізделеді. Зерттеудің құндылығы – қазақ прозасын талдауда дауыс қатынастарына сүйенетін тұрақты аналитикалық үлгі ұсынуында. Практикалық маңызы әдеби талдау курстарында, мәтін интерпретациясы мен стилистикалық сараптама жасауда қолдануға болатын нақты талдау параметрлерін беруімен айқындалады.
Zitieren
APA
Сисенбай, А., & Аяпова, Г. (2026). Қазіргі қазақ прозасындағы диалогизм көріністері (Бахтин концепциясы аясында). «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 82(3). https://doi.org/10.48371/phils.2026.3.82.042
Vancouver
Сисенбай А, Аяпова Г. Қазіргі қазақ прозасындағы диалогизм көріністері (Бахтин концепциясы аясында). «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы». 2026;82(3). doi:10.48371/phils.2026.3.82.042
BibTeX
@article{2026,
author = {Сисенбай, А.Ж. and Аяпова, Г.Б.},
title = {Қазіргі қазақ прозасындағы диалогизм көріністері (Бахтин концепциясы аясында)},
journal = {«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы»},
year = {2026},
volume = {82},
number = {3},
doi = {10.48371/phils.2026.3.82.042}
}
EUVIMED