EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМЕДИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС

А. И. Сапарова, Е. М. Солтанаева

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 475-487

DOI: 10.48081/bgqf2006 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von А. И. Сапарова und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада қазіргі прозадағы маңызды тенденциялардың бірі – интермедия туралы дәйектер келтіріледі. Интермедиялық түсінік бір өнердің бойынан, нақтырақ айтсақ, әдеби мәтіндердің ішінен өзге өнер түрлерінің өзіне тән ерекшелігін көрсету, сонымен бірге оның көркем мәтінді ұйымдастыру принциптерінің күрделенуі нәтижесінде пайда болғаны пайымдалады. Интермедиялық – бір жағынан, көркем мәтінді ұйымдастырудың ерекше тәсілі ретінде, екінші жағынан, жеке көркем шығарманы және жалпы көркем мәдениет тілін талдаудың арнайы әдістемесі ретінде анықталады. Әрине, мұндай әдістеме пәнаралық зерттеу принциптеріне сүйенеді. Отандық әдебиеттануда «өнердің өзара әрекеттесуі» терминінің орнына интермедиялық ұғымы кеңінен қолданылады, бұл өнер түрлеріне негізделген мәтінішілік байланыстардың түрлерін анықтауға көмектеседі. Интермедия сияқты күрделі және көп қырлы теориялық түсінікті зерттеу үшін бұл терминнің нені білдіретінін анықтау маңызды. Зерттеушілер аталған тұжырымдаманың бірнеше нұсқасын ұсынады, дегенмен олардың көпшілігі интермедияны белгілі бір процесс ретінде қабылдауға бейім өнер түрлері арасындағы диалог ретінде қарастырады. Қазіргі әдебиеттегі интермедиялық процестердің жандануы мәдени парадигманың кезекті өзгеруімен байланысты және әдеби центризмнен бас тарта отырып, өнер центризміне алып келді. Соңғы ғылыми зерттеулерді ескере отырып, интермедиялықтың біртұтас жүйеде әр түрлі өнер тілдерінің өзара әрекеттесуіне негізделген қатынастардың ерекше түрі, басқаша айтқанда, көркем шығармадағы өнер түрлері (кино, кескіндеме, сәулет және т.б.) туралы ақпаратты қамтитын бейнелі құрылымдардың болуын бағамдайды.

Zitieren

APA

Сапарова, А. И., & Солтанаева, Е. М. (2026). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМЕДИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 475-487. https://doi.org/10.48081/bgqf2006

Vancouver

Сапарова АИ, Солтанаева ЕМ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМЕДИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:475-487. doi:10.48081/bgqf2006

BibTeX
@article{2026,
  author = {Сапарова, А. И. and Солтанаева, Е. М.},
  title = {ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИНТЕРМЕДИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {475--487},
  doi = {10.48081/bgqf2006}
}
Kostenlos starten →