EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Қазақ тіліндегі перифразаның қолданыстық сипаты

Жайна Бағашарқызы Саткенова, Нурдана Мусақызы Жансерік

TIL BILIMI · 30.09.2026 · (1) · 131-149

DOI: 10.68812/17ygyn40 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift TIL BILIMI, online erschienen am 30.09.2026. Verfasst von Жайна Бағашарқызы Саткенова und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада қазақ тіліндегі перифразаның тілдік табиғаты мен зерттелу тарихына шолу жасалып, перифраза метафора, метонимия және фразеологизм секілді тілдік бірліктермен функционалдық тұрғыдан салыстырыла қарастырылады. Перифразаның номинативтік, экспрессивтік, бағалауыштық және прагматикалық қызметтері айқындалып, оның көркем мәтіндердегі, публицистикалық стильдегі және ауызекі тілдегі қолданыс ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі перифразаның қолданыстық қызметі, лексикография саласындағы маңызы, сөздік түзу ісіндегі орны және перифразалық бірліктердің әртүрлі сөздіктерде берілу ерекшеліктері сөз етіледі. Перифразаның тілдік жүйедегі орнына қатысты ғалымдардың тұжырымдары сараланып, олардың ғылыми көзқарастары салыстырмалы түрде талданады. Бұл перифразаның дербес лексика-семантикалық бірлік ретінде танылу мәселесін нақтылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі перифразалық қолданыстардың құрылымдық, семантикалық және прагматикалық ерекшеліктері анықталады. Перифразалардың көпкомпоненттілігі, тұрақтылық дәрежесі, контекстік тәуелділігі және бағалауыштық сипаты талданып, олардың тілдік қолданыстағы вариативтілігі көрсетіледі. Зерттеу материалы ретінде Қазақ ұлттық корпусы деректері пайдаланылып, әртүрлі жанрлар мен стильдерден перифразалық қолданыстарға нақты мысалдар іріктеледі. Жиналған тілдік материалдар негізінде қазақ тіліндегі перифразалар сөздігі жобаланады. Ұсынылып отырған сөздік перифразалық тіркестердің мағынасын, қолданылу аясын, стилистикалық реңкін және контекстік ерекшеліктерін айқындауға бағытталады. Бұл сөздік перифразалық бірліктерді оқытуда, мәтін талдауда, аударматану мен лингвомәдениеттану салаларында негізгі әрі тиімді құрал бола алады. Сонымен қатар аталмыш сөздік қазақ тілінің бейнелі мүмкіндіктерін жүйелеуге және ұлттық дүниетанымды тіл арқылы танытуға зор үлес қосады.

Zitieren

APA

Саткенова, Ж. Б., & Жансерік, Н. М. (2026). Қазақ тіліндегі перифразаның қолданыстық сипаты. TIL BILIMI, 131-149. https://doi.org/10.68812/17ygyn40

Vancouver

Саткенова ЖБ, Жансерік НМ. Қазақ тіліндегі перифразаның қолданыстық сипаты. TIL BILIMI. 2026:131-149. doi:10.68812/17ygyn40

BibTeX
@article{2026,
  author = {Саткенова, Жайна Бағашарқызы and Жансерік, Нурдана Мусақызы},
  title = {Қазақ тіліндегі перифразаның қолданыстық сипаты},
  journal = {TIL BILIMI},
  year = {2026},
  number = {1},
  pages = {131--149},
  doi = {10.68812/17ygyn40}
}
Kostenlos starten →