ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКАЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 393-408
DOI: 10.48081/bgqf2001 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Ф. Ш. Оразбаева und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада қазақ тіліндегі генеративті семантикалық категориялардың когнитивтік-грамматикалық модельдері кешенді түрде талданады. Зерттеудің мақсаты – сөйлем құрылымында қызмет атқаратын негізгі семантикалық рөлдердің (агенс, пациенс, бенефициар, каузатив, локатив, темпорал) ұғымдық репрезентациясын анықтау және олардың прагматикалық-функционалдық ерекшеліктерін сипаттау. Нысан ретінде Қазақ ұлттық корпусы мен әртүрлі жанрдағы жазба мәтіндерден іріктелген 3 000-ға жуық сөйлем алынды. Зерттеу әдістемесі үш кезеңге бөлінді: алғашқы кезеңде когнитивтік-грамматикалық талдау негізінде семантикалық рөлдердің морфо-синтаксистік таңбалану үлгілері жүйеленді; екінші кезеңде генеративті семантика аясында ұғымдық құрылым мен синтаксистік проекция арасындағы сәйкестік схемасы жасалды; үшінші кезеңде отандық (А. Байтұрсынұлы, Ж. Манкеева, О. Жүбаева, Ш. Құрманбайұлы) және шетелдік (N. Chomsky, C. Fillmore, R. Jackendoff) зерттеулер салыстырмалы-концептуалдық негізде сараланды. Нәтижесінде қазақ тіліндегі семантикалық рөлдердің морфо-синтаксистік ерекшеліктері, ұғымдық негіздері және ұлттық таныммен байланысы анықталды. Атап айтқанда агенс пен каузатив рөлдері көбіне атау және шығыс септіктерімен, ал пациенс пен бенефициар табыс пен барыс септіктерімен таңбаланады; локатив пен темпорал рөлдер үстеулер, деривациялық аффикстер және пысықтауыштық құрылымдар арқылы беріледі. Ұсынылған құрылымдық-когнитивтік модель семантикалық рөлдерді жүйелеуге, сөйлем құрылымын ұғымдық деңгейде сипаттауға және болашақ автоматтандырылған тіл өңдеу технологияларында қолдануға теориялық негіз бола алады.
Zitieren
APA
Оразбаева, Ф. Ш., & Рысқұлова, А. Д. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКАЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 393-408. https://doi.org/10.48081/bgqf2001
Vancouver
Оразбаева ФШ, Рысқұлова АД. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКАЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:393-408. doi:10.48081/bgqf2001
BibTeX
@article{2026,
author = {Оразбаева, Ф. Ш. and Рысқұлова, А. Д.},
title = {ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ГЕНЕРАТИВТІ СЕМАНТИКАЛЫҚ РӨЛДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК-ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {393--408},
doi = {10.48081/bgqf2001}
}
EUVIMED