EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

«ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» ПӘНІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

А. Б. Акылбекова, Д. М. Мукашева, Б. К. Оксикбаев

Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 23.03.2026 · (1,2026) · 168-186

DOI: 10.48081/bgqf1834 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von А. Б. Акылбекова und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Қоғамның дамуы жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіби даярлауға жаңа талаптар қойып отыр. Бүгінгі таңда білім беру функцияларын тиімді орындау және студенттердің заман талабына сай үйлесімді дамуы үшін қажетті білім мен құзыреттіліктер жиынтығы ретінде қарастырылатын түлектердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға ерекше назар аударылады. «Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» пәнінде студенттердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін бағалау және дамыту үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері бойынша Жоңғар Алатауы (Жетісу Алатауы) мұздықтарынан бастау алатын Қаратал өзенін объект ретінде алу маңыздылығы атап көрсетілді. Жоғары оқу орындарының студенттерінде маңызды көрсеткіш болып табылатын кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бөлігі ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін тиімді қалыптастырудың келесі шарттары анықталды: «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» пәнінде өлкелік компоненттерді (Қаратал өзені) университет базасында зерттеу арқылы ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері мен деректерін статистикалық өңдеу негізінде ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру. Зерттеу жұмысының мақсаты – студенттердің өлкелік компонент арқылы ғылыми зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту және оқу үрдісіне енгізу. Жұмыс келесі міндеттірді қамтыды – зерттеушілік құзыріттілік 168 169 Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2710-2661 Педагогикалық сериясы № 1. 2026 Вестник Торайгыров университета, ISSN 2710-2661 Серия Педагогическая № 1. 2026 үғымына анықтама берілді, студенттердің зертеуге дейінгі және кейінгі деңгейлері анықталды, Қаратал өзенінің биоэкологиялық көрсеткіштері анықталды. Зерттеу нәтижелері білім беру үрдісін жақсартатынын және болашақ биология мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін тиімді қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететінін көрсетті, бұл студенттердің эксперименттік тобындағы орташа көрсеткіштердің динамикасымен расталады. Сондықтан, біздің зерттеу жұмысымызда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В01508-Биология, 6В01505-Биология(ІР) бағдарламаларының студенттері негізге алынды. Кілтті сөздер: ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік, Қаратал өзені, болашақ биология мұғалімі, биологиялық эксперимент, мұздықтар.

Zitieren

APA

Акылбекова, А. Б., Мукашева, Д. М., & Оксикбаев, Б. К. (2026). «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» ПӘНІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 168-186. https://doi.org/10.48081/bgqf1834

Vancouver

Акылбекова АБ, Мукашева ДМ, Оксикбаев БК. «ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» ПӘНІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2026:168-186. doi:10.48081/bgqf1834

BibTeX
@article{2026,
  author = {Акылбекова, А. Б. and Мукашева, Д. М. and Оксикбаев, Б. К.},
  title = {«ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» ПӘНІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
  year = {2026},
  number = {1,2026},
  pages = {168--186},
  doi = {10.48081/bgqf1834}
}
Kostenlos starten →