EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘЛЕУЕТІН ӨЗЕКТЕНДІРУДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

М. Б. Амирканов, А. М. Кудайбергенова, Ю. Гелишли

Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 23.03.2026 · (1,2026) · 504-519

DOI: 10.48081/bgqf1882 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von М. Б. Амирканов und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада жоғары білім беру жүйесінің жаһандануы жағдайында шетелдік студенттердің зерттеушілік әлеуетін өзектендіру мәселесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – шетелдік студенттердің зерттеушілік әлеуетін айқындайтын жеке-психологиялық компоненттерді анықтау, олардың құрылымдық өзара байланысын талдау және жоғары оқу орны жағдайында ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қатысуды ынталандыратын психологиялық-педагогикалық шарттарды ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зерттеудің нысаны ретінде жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде білім алатын шетелдік студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, мақалада зерттеушілік әлеуетті көпқұрылымды тұлғалық феномен ретінде негіздеп, оның мотивациялық, танымдық, эмоциялық-еріктік, коммуникативтік және рефлексивтік компоненттері құрылымдық тұрғыдан сипатталады. Зерттеу барысында когнитивтік қабілеттердің даму деңгейі, ішкі оқу-зерттеу мотивациясы, креативті ойлау, өзін-өзі реттеу және коммуникативтік құзыреттер шетелдік студенттердің зерттеушілік әлеуетін қалыптастыратын жетекші тұлғалық детерминанттар ретінде айқындалды. Эмпирикалық зерттеу Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алатын шетелдік студенттер арасында жүргізілді. Алынған нәтижелер зерттеушілік әлеуеттің қалыптасу деңгейі ішкі мотивацияның дамуымен, мәдени-білім беру ортасына бейімделу ерекшеліктерімен және тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуға бағытталған саналы ұмтылыспен тығыз байланысты екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері шетелдік студенттердің ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қатысуын арттыруға бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесін ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді. Ұсынылған қорытындылар мен практикалық ұсыныстар шетелдік студенттердің зерттеушілік қызығушылығын дамытуға, шығармашылық әлеуетін ашуға және зерттеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жоғары білім беру практикасы үшін теориялық және қолданбалы маңызға ие. Кілтті сөздер: шетелдік студент, зерттеу әлеуеті, тұлғалық алғышарттар, мотивация, бейімделу, зерттеу іс-әрекеті, педагогикалық қолдау, когнитивтік қабілеттер.

Zitieren

APA

Амирканов, М. Б., Кудайбергенова, А. М., & Гелишли, Ю. (2026). ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘЛЕУЕТІН ӨЗЕКТЕНДІРУДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 504-519. https://doi.org/10.48081/bgqf1882

Vancouver

Амирканов МБ, Кудайбергенова АМ, Гелишли Ю. ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘЛЕУЕТІН ӨЗЕКТЕНДІРУДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2026:504-519. doi:10.48081/bgqf1882

BibTeX
@article{2026,
  author = {Амирканов, М. Б. and Кудайбергенова, А. М. and Гелишли, Ю.},
  title = {ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ӘЛЕУЕТІН ӨЗЕКТЕНДІРУДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
  year = {2026},
  number = {1,2026},
  pages = {504--519},
  doi = {10.48081/bgqf1882}
}
Kostenlos starten →