EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Д. М. Рашидова, Г. Д. Дәулет, Б. Қ. Рысымбек

Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series · 2021

DOI: 10.48081/bdwi2790 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, 2021. Verfasst von Д. М. Рашидова und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Бұл мақалада коронавирусты жұқтырған науқастардың гематологиялық көрсеткіштері мен патологиялары талданады. COVID-19 – гемопоэтикалық жүйеге және гемостазға елеулі әсер ететін жүйелі инфекция. Бүгінгі күні 2019 жылғы коронавирус ауруы (COVID-19) әлем бойынша 100 миллионнан астам адамға әсер етті. COVID-19 әртүрлі ауру тудыратын белгілермен көрінуі мүмкін, олар жеңіл жағдайлардан бастап ауыр медициналық көмекті қажет ететін, өмірге қауіп төндіретін жағдайларға дейін әкеледі. Лимфопенияны болжамдық потенциалы бар түбегейлі зертханалық қорытынды ретінде қарастыруға болады. Нейтрофил/лимфоциттердің арақатынасы және тромбоциттер/лимфоциттердің ең жоғары арақатынасының өзгеруі ауыр жағдайларды анықтауда болжамдық болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін гематологиялық белгілерге лимфоцитопения, нейтрофилия, эозинопения, жеңіл тромбоцитопения және сирек тромбоцитоз. Лейкоциттер санының қалыпты, азаюы немесе жоғарылауы болуы мүмкін. Перифериялық қандағы нейтрофилдердің жоғары деңгейі COVID-19 кезінде қолайсыз болжаммен байланысты. Мета-анализге сәйкес, лейкоцитоз, лимфопения және тромбоцитопения COVID-19 жағдайындағы ауырлықпен және тіпті өліммен байланысты. Сол сияқты нейтрофилдер/лимфоциттер мен нейтрофилдер/тромбоциттер арақатынасының жоғарылауы миокардтың зақымдалуын және өлімнің жоғарылауын көрсетуі мүмкін. Сондықтан COVID-19 прогрессиясы мен болжамын бағалау үшін гематологиялық параметрлерді бақылау маңызды.

Zitieren

APA

Рашидова, Д. М., Дәулет, Г. Д., & Рысымбек, Б. Қ. (2021). КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. https://doi.org/10.48081/bdwi2790

Vancouver

Рашидова ДМ, Дәулет ГД, Рысымбек БҚ. КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. 2021. doi:10.48081/bdwi2790

BibTeX
@article{2021,
  author = {Рашидова, Д. М. and Дәулет, Г. Д. and Рысымбек, Б. Қ.},
  title = {КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series},
  year = {2021},
  doi = {10.48081/bdwi2790}
}
Kostenlos starten →