Ақын шығармаларындағы «өмір» концептінің репрезенттелуі (Ф. Оңғарсынова шығармашылығы негізінде)
TIL BILIMI · 2026-09-30 · (1) · 170-189
DOI: 10.68812/nm3bvm54 ↗At a glance
Journal article in TIL BILIMI, published online on 2026-09-30. Written by М.Ж. Туркбенбаева.
Abstract (original language)
Мақалада қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік парадигма аясында Фариза Оңғарсынованың поэзиясы тілдік тұлға теориясы негізінде кешенді түрде талданады. Зерттеудің басты нысаны – ақын шығармаларындағы «өмір» концепті, ол концептінің когнитивтік, семантикалық және прагматикалық қырлары. Ю.Н. Караулов ұсынған тілдік тұлғаның деңгейлік моделіне сүйене отырып, ақынның вербалдысемантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлері айқындалады. Мақалада «өмір» концепті ақын дүниетанымының өзекті концептуалдық доминанты ретінде сипатталып, оның «өмір – жол», «өмір – күрес», «өмір – сынақ», «өмір – қайғы мен қасірет», «өмір – айдын», «өмір – ырғақ» секілді когнитивтік модельдер арқылы репрезентацияланатыны дәлелденеді. Сонымен қатар «тағдыр», «дүние», «өлім» микроконцептілері өмір концептінің ішкі семантикалық өзегін тереңдететін философиялық-ментальды бірліктер ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижелері Фариза Оңғарсынованың тілдік тұлғасын антропоөзектік тұрғыдан сипаттауға, авторлық «меннің» когнитивтік болмысын ашуға мүмкіндік береді және қазақ тіл біліміндегі когнитивтік поэтика мен тілдік тұлға мәселелерін тереңдетуге үлес қосады.
Cite
APA
Туркбенбаева, М. (2026). Ақын шығармаларындағы «өмір» концептінің репрезенттелуі (Ф. Оңғарсынова шығармашылығы негізінде). TIL BILIMI, 170-189. https://doi.org/10.68812/nm3bvm54
Vancouver
Туркбенбаева М. Ақын шығармаларындағы «өмір» концептінің репрезенттелуі (Ф. Оңғарсынова шығармашылығы негізінде). TIL BILIMI. 2026:170-189. doi:10.68812/nm3bvm54
BibTeX
@article{2026,
author = {Туркбенбаева, М.Ж.},
title = {Ақын шығармаларындағы «өмір» концептінің репрезенттелуі (Ф. Оңғарсынова шығармашылығы негізінде)},
journal = {TIL BILIMI},
year = {2026},
number = {1},
pages = {170--189},
doi = {10.68812/nm3bvm54}
}
EUVIMED