ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ:«МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ
«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы» · 2026-10 · 82 (3)
DOI: 10.48371/phils.2026.3.82.036 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 2026-10. Verfasst von А. Жұмабекқызы und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы» романының тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ тілді оқырман кеңістігіндегі қабылдануы рецепция теориясы аясында қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанда әлем әдебиетін аударма арқылы оқу тәжірибесінің кеңеюімен, түрік әдебиетіне қызығушылықтың күшеюімен және әлеуметтік желілерде оқырман қауымдастықтарының белсенді пікір алмасу алаңына айналуымен негізделеді. Романның көпдауысты күрделі нарративі, Осман дәуірінің мәдени-тарихи кодтары, миниатюра эстетикасы және Шығыс–Батыс дүниетанымдық қақтығыстары оқырман үшін мәтін мағынасының әрқалай ұғынылуы ықпал ететін фактор ретінде алынады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілді оқырман романды қалай қабылдайтынын, қандай эмоциялық-эстетикалық реакциялар басым болатынын, түсіну мен бағалаудың қандай факторларға тәуелді екенін анықтау. Зерттеудің негізгі идеясы – көркем мәтін мағынасы оқырманның күту көкжиегіне, мәдени тәжірибесіне және оқу стратегиясына сәйкес қалыптасады деген ұстанымды нақты оқырман пікірлері арқылы тексеру. Негізгі бағыт ретінде роман қабылдауының екіұдай сипат алуы, қабылдауға күрделі мәтін феноменін және аударма факторының рецепцияға ықпалын айқындау алынады. Материалдық база ретінде әлеуметтік желілер мен пікір алаңдарында жарияланған қазақ тіліндегі оқырман пікірлері іріктелді. Зерттеуде контент-талдау, тақырыптық талдау және семантикалық талдау әдістері қолданылып, оқырман бағалаулары мен дәлелдеу уәждері мағыналық топтарға жіктелді.Талдау романды қабылдаудың екіұдай сипат алуын айқын көрсетті. Романның қазақ тілді ортадағы рецепциясы біркелкі емес, бірақ дәл осы көптүрлілік тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ оқырманының әлемдік әдебиетпен қатынасының күрделенгенін және оқырмандық талғамның саралануын аңғартады. Жұмыс қазақ тілді оқырман пікірлерін ғылыми талдауға тарта отырып, қазақ-түрік әдеби байланысын тек мәтінаралық немесе аударматану деңгейінде ғана емес, оқырмандық тәжірибе және әлеуметтік коммуникация кеңістігінде пайымдауға мүмкіндік береді. Ғылыми тұрғыдан зерттеу Қазақстандағы оқырман рецепциясын зерттеу бағытын нақты эмпирикалық дерекпен толықтырады және әлеуметтік желідегі пікірлердің әдебиеттанулық талдаудағы әлеуетін көрсетеді. Практикалық тұрғыдан нәтижелер аударма сапасын бағалау, кәсіби әдеби сын дискурсын дамыту, сондай-ақ әлем әдебиетін оқыту мен оқырман қауымдастықтарымен жұмыс істеу стратегияларын жетілдіру үшін қолдануға болады; болашақ зерттеулерде аударма сапасы мен кәсіби сынның рецепцияға ықпалын кешенді түрде қарастыру қажеттігі ұсынылады.
Zitieren
APA
Жұмабекқызы, А., Дәлелбекқызы, А., & Әділбекова, Ж. (2026). ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ:«МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ. «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы», 82(3). https://doi.org/10.48371/phils.2026.3.82.036
Vancouver
Жұмабекқызы А, Дәлелбекқызы А, Әділбекова Ж. ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ:«МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ. «Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы». 2026;82(3). doi:10.48371/phils.2026.3.82.036
BibTeX
@article{2026,
author = {Жұмабекқызы, А. and Дәлелбекқызы, А. and Әділбекова, Ж.Б.},
title = {ОРХАН ПАМУК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ОҚЫРМАНЫ:«МЕНІҢ АТЫМ ҚЫРМЫЗЫ» РОМАНЫНЫҢ РЕЦЕПЦИЯСЫ},
journal = {«Хабаршысы. Филология ғылымдары сериясы»},
year = {2026},
volume = {82},
number = {3},
doi = {10.48371/phils.2026.3.82.036}
}
EUVIMED