ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ АҒАШ ҰҒЫМЫ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 27.03.2026 · (1,2026) · 7-16
DOI: 10.48081/bgqf1736 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 27.03.2026. Verfasst von А. Е. Абдибекова und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада қазақ, орыс және ағылшын лингвомәдениеттеріндегі ағаш ұғымы қарастырылады. Әр мәдениетте ағаш халықтың өмірімен және мәдениетімен байланысты. Ағаш үш әлемді байланыстырушы бейне болып табылады, оның бұтақтары аспанмен, діңі – жер әлемімен, тамыры – жер асты әлемімен байланысты. Ағаш – көптеген мәдениеттерде беріктіктің, ұзақтықтың, өркендеудің, жемістіліктің және байлықтың символы. Зерттеу мақаласында көркем шығармалардағы «ағаш» концептісін, ағаш компоненті немесе ағаштардың белгілі бір түрлері бар мақал-мәтелдер негізінде зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу берілген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі лексикографиялық дереккөздерге (этимологиялық, түсіндірме сөздіктер), мақал-мәтелдерге, фразеологиялық тіркестерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жүргізу барысында қазақ, орыс және ағылшын халықтарының лингвомәдениеттеріндегі ағаш бейнесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары, ерекшеліктері атап өтілді. Сонымен, қазақ лингвомәдениетінде негізінен өмір мен ұрпақтар сабақтастығын сипаттайтын ағаш бейнесі басым. Ағаш өмірдің қайнар көзі, ұрпақтың басталуы түрінде көрінеді. Орыс тіліндегі мақал-мәтелдерде ағаш өмір жасы мен тәжірибенің бейнесі болып табылады: жастық та, кәрілік те. Ағаш бақыт пен сәттілік әкеледі. Ағылшын тілді мәдениетте ағаштың бейнесі негізінен әл-ауқатпен, өркендеумен және өсумен байланысты.
Zitieren
APA
Абдибекова, А. Е., & Радчук, О. А. (2026). ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ АҒАШ ҰҒЫМЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 7-16. https://doi.org/10.48081/bgqf1736
Vancouver
Абдибекова АЕ, Радчук ОА. ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ АҒАШ ҰҒЫМЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:7-16. doi:10.48081/bgqf1736
BibTeX
@article{2026,
author = {Абдибекова, А. Е. and Радчук, О. А.},
title = {ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ АҒАШ ҰҒЫМЫ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {7--16},
doi = {10.48081/bgqf1736}
}
EUVIMED