ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ · 2026-03 · 80 (1)
DOI: 10.48371/phils.2026.1.80.031 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ, 2026-03. Verfasst von А.О. Жакупова und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада қазақ тілін үйрету үдерісінде геймификация элементтерін қолдану қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалану оқу сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады. Осы тұрғыда геймификация - студенттің оқу мотивациясын, белсенділігін және тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс ретінде қарастырылады.Зерттеудің мақсаты - қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде оқытуда ойын элементтерін тиімді қолданудың әдістемелік негіздерін айқындау және олардың оқу нәтижесіне ықпалын анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, бақылау, тәжірибелік қолдану және педагогикалық эксперимент әдістері пайдаланылды.Негізгі идея оқу процесін геймификация арқылы эмоционалды және интерактивті ету, студенттің танымдық белсенділігін арттыру мен оқу материалын терең меңгеруіне жағдай жасауға бағытталған. Мақалада Duolingo, Memrise, Rosetta Stone, FluentU сияқты цифрлық платформалардағы геймификация элементтері және олардың қазақ тілін оқытудағы қолданылу жолдары қарастырылды. Оқу үрдісінде ойын элементтерін қолдану студенттердің қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, нәтижелі болуын көрсетті, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кешенді дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, викторина, рөлдік ойындар, уақытты басқару тақырыбындағы интерактивті тапсырмалар сияқты тәсілдердің тәжірибелік тиімділігі дәлелденді.Қорыта келе, геймификация әдісін жүйелі қолдану қазақ тілін оқытуда оқу процесін оңтайландырып, студенттің коммуникативтік құзыреттілігін және өзіндік даму қабілетін арттыратыны айқындалды. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы - геймификацияны тіл үйретудің инновациялық тәсілі ретінде оқу бағдарламаларына мақсатты түрде енгізу қажеттігін негіздеуінде.
Zitieren
APA
Жакупова, А., & Саметова, Ф. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ. АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ, 80(1). https://doi.org/10.48371/phils.2026.1.80.031
Vancouver
Жакупова А, Саметова Ф. ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ. АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ. 2026;80(1). doi:10.48371/phils.2026.1.80.031
BibTeX
@article{2026,
author = {Жакупова, А.О. and Саметова, Ф.Т.},
title = {ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ},
journal = {АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ» СЕРИЯСЫ},
year = {2026},
volume = {80},
number = {1},
doi = {10.48371/phils.2026.1.80.031}
}
EUVIMED