ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 742-761
DOI: 10.48081/bgqf2026 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von М. Қ. Шенгелбай.
Abstract (Originalsprache)
Бүгінгі күні елімізде жасанды интеллектіні қолданудың аясы кеңейіп, бұл технологияны пайдаланудың түрлі салада мүмкіндіктері ашылып жатыр. Жасанды интеллектіні зерттеу объектісі ретінде алып, бұл құрылғының тілін зерттеу мәселесі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті тақырыбына айналып отыр. Тілдің жоғалып кетпей, мәңгілік сақталуына әсер ететін бір фактор – жасанды интеллект. Қазақ тілін жасанды интеллект тіліне айналдырудың ерекшеліктері осы мақалада айқындалады. Бұл мақаладағы зерттеудің мақсаты – тілдің мүмкіндіктерін қарастыра отырып, табиғи тілді жасанды интеллект (ЖИ) тіліне айналдырудағы артықшылықтар мен қиындықтарды анықтау, кемшіліктерін тану, ерекшеліктерді көрсету. Жасанды интеллект тілінің алгоритмін, функцияларын, қолданудың сипаттарын танытатын қазақ тілінде толыққанды еңбек әлі жазылған жоқ. ЖИ тілін зерттеу зор мүмкіндіктерге жол ашпақ, сол себепті де бұл тілдің құрылымын тану, әсерін анықтау түрлі аспектіде зерттеуді қажет етеді. Зерттеу мақаласында отандық және шетелдік ғалымдардың лингвоэкология, жасанды интеллект тілін зерттеу саласындағы ғылыми еңбектеріне шолу жасалды. Мақаланың тәжірибелік бөлігінде қазақ тілін жасанды интеллект тіліне айналдыруға қатысты сауалнама алынды, нәтижелері талданды. Зерттеудің бағдарлау тобы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тіл мамандары, студенттері, докторанттары. Зерттеу сауалнамасының мақсаты – қазақ тіліндегі жасанды интеллект құралдарына сұранысты анықтау, қазақ тілін цифрландыруға кедергі келтіретін факторларды тану, алынған деректерді талдау арқылы нақты қадамдарды жоспарлау.
Zitieren
APA
Шенгелбай, М. Қ. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 742-761. https://doi.org/10.48081/bgqf2026
Vancouver
Шенгелбай МҚ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:742-761. doi:10.48081/bgqf2026
BibTeX
@article{2026,
author = {Шенгелбай, М. Қ.},
title = {ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТІЛІНЕ АЙНАЛДЫРУДЫҢ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {742--761},
doi = {10.48081/bgqf2026}
}
EUVIMED