ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Popular Science Magazine "Olketanu" · 2025
DOI: 10.48081/sgro6507 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Popular Science Magazine "Olketanu", 2025. Verfasst von Г. Ж. Ахметова.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада тарихты оқыту барысында инновациялық әдістерді қолданудың маңыздылығы және олардың оқушылардың білімін жетілдірудегі тиімділігі қарастырылады. Дәстүрлі оқыту әдістерінің шектеулерін жеңу және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті технологиялар, мультимедиялық құралдар, виртуалды экскурсиялар, ойын технологиялары талқыланады. Сонымен қатар, инновациялық тәсілдердің оқушылардың танымдық белсенділігін, сыни ойлау қабілетін және тарихи деректерді талдау машықтарын дамытудағы рөлі көрсетілген. Мақалада инновациялық әдістер мен дәстүрлі тәсілдерді үйлесімді түрде қолданудың тиімділігіне ерекше назар аударылып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар беріледі. Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологиялар оқыту үдерісін тиімді әрі тартымды етуге мүмкіндік береді. Платформалар мұғалімдер мен оқушыларға интерактивті тапсырмалар жасауға, вебинарлар өткізуге және тарихи тақырыптарды жаңаша меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары тарих пәніне жаңа көкжиек көзін ашып, ұлтжанды, білікті, әрі шығармашылық тұлға тәрбиелеудің негізгі құралы бола алады. Тарихты жаңаша оқыту – тек өткенді түсіну ғана емес, сонымен қатар болашаққа жауапкершілікпен қарауға үйрететін маңызды құрал. Сондықтан бүгінгі күннің басты талабы – жаңашылдыққа ұмтылу мен шығармашылық ізденістен тайынбау. Кілтті сөздер: тарихты оқыту, инновациялық әдістер, оқыту технологиялары, педагогикалық әдістер, интерактивті оқыту.
Zitieren
APA
Ахметова, Г. Ж. (2025). ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. Popular Science Magazine "Olketanu". https://doi.org/10.48081/sgro6507
Vancouver
Ахметова ГЖ. ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. Popular Science Magazine "Olketanu". 2025. doi:10.48081/sgro6507
BibTeX
@article{2025,
author = {Ахметова, Г. Ж.},
title = {ТАРИХТЫ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ},
journal = {Popular Science Magazine "Olketanu"},
year = {2025},
doi = {10.48081/sgro6507}
}
EUVIMED