МЫС-МОЛИБДЕН КЕНДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Science and Technology of Kazakhstan · 30.06.2026 · (2, 2026) · 367-380
DOI: 10.48081/bgqf2237 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Science and Technology of Kazakhstan, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Р. Б. Масалимов und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мыс-молибден кендерін өңдеу кезінде, негізгі міндет, байытудың бастапқы кезеңінде коллективті-селективті флотациялаумен мысты бөліп алу болып табылады. Бұл оны шамадан тыс ұнтақтамауға және қалдықтарға жоғалтпауға мүмкіндік береді. Жұмыстың мақсаты мыс-молибден кендерін өңдеу технологиясын жетілдіру, оларды бос тау жыныстарынан бөліп алу үшін және бірінші сатыдағы мыс концентратын кейіннен бөліп алу үшін сулфидтердің жалпы массасын (мыс + молибден + пирит) алу арқылы коллективті флотация жүргізу кезінде мыс пен молибден алу процесінің оңтайлы параметрлерін белгілеу. Алдын ала тәжірибелер нәтижесінде жинағыш реагентінің шығыны 80 г/т (SIBX) оңтайлы екендігі анықталды. Осы тәжірибелерді жүргізу кезінде негізгі флотацияны бірінші сатыдағы бастапқы мыс концентратын бөлу арқылы жүргізуге болатындығы атап өтілді, өйткені процестің алғашқы минуттарында (флотация процесінің алғашқы 3 минутында) тауарлық мыс концентратын алуға болады. Құрамында шамамен 30 % мыс, 89 % болатын концентрат алынды. Ашық цикл жағдайында концентратты селективті бөлу кезінде бірінші циклде мыс алынғаннан кейін оның құрамында шамамен 0,9 % молибден және 57,7 % болатын молибден концентратын алуға болатындығы анықталды. Бұдан әрі мыс-молибден кенін флотациялық байытудың жабық циклін зерттеу және алынған концентраттарды металлургиялық өңдеу жоспарлануда. Кілтті сөздер: мыс, молибден, флотация, металлургия, бөліп алу, кендерді байыту.
Zitieren
APA
Масалимов, Р. Б., Сапинов, Р. В., Касымова, Д. Б., Шошай, Ж., & Адылканова, М. А. (2026). МЫС-МОЛИБДЕН КЕНДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ. Science and Technology of Kazakhstan, 367-380. https://doi.org/10.48081/bgqf2237
Vancouver
Масалимов РБ, Сапинов РВ, Касымова ДБ, Шошай Ж, Адылканова МА. МЫС-МОЛИБДЕН КЕНДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ. Science and Technology of Kazakhstan. 2026:367-380. doi:10.48081/bgqf2237
BibTeX
@article{2026,
author = {Масалимов, Р. Б. and Сапинов, Р. В. and Касымова, Д. Б. and Шошай, Ж. and Адылканова, М. А.},
title = {МЫС-МОЛИБДЕН КЕНДЕРІН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ},
journal = {Science and Technology of Kazakhstan},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {367--380},
doi = {10.48081/bgqf2237}
}
EUVIMED