EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

САВОНИУС РОТОРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛАҚ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ САНДЫҚ БОЛЖАМЫ

Н. Б. Қаласов, Р. К. Манатбаев, Ж. Е. Байжұма, А. Қ. Сатқынова

Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series · 2025

DOI: 10.48081/bnko2429 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series, 2025. Verfasst von Н. Б. Қаласов und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Таза және жаңартылатын энергия көздеріне әлемдік сұраныстың көбеюі жел энергисын өндіруге деген қызығушылықты арттырды. Савониус роторлары жел энергиясын электр энергиясына айналдыруға арналған ең танымал роторлардың бірі болып табылады, себебі Савониус турбиналарының қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты. Және Савониус жел турбинасын желдің бағыты әртүрлі және жел жылдамдығы төмен аймақтарда қолдану тиімді. Савониус турбинасы қарапайым дизайнға ие, яғни оны энергия өнімділігін арттыру үшін оңай өзгертуге болады және төмен айналымдарда жұмыс істей алады. Бұл мақалада Савониус жел турбиналарының қалақшаларының әр-түрлі бұрышта орналасқан кездегі өнімділігін қарастырамыз. Тік осьті жел турбиналарының өнімділігін арттыру үшін көп сатылы Савониус роторларында бұралған қалақтарды қолданатын жаңа конфигурация әзірленді. Тиісінше, бір және екі сатылы Савониус роторларының бұралған жүздері зерттеліп, нәтижелері салыстырылды. Бұл зерттеуде екі сатылы Савониус жел турбинасыдағы 0°, 30° , 60° және 90° фазалық ығысу бұрыштарын қарастырамыз. Зерттеу кезінде 3D CFD модельдеу қолдану арқылы Савониус қалақшаларының әртүрлі коэффициенттерін, қысым мен жылдамдық таралу векторларын, контурларын аламыз. Есептеу барысында бір сатылы және екі сатылы ротор қалақшаларының көтеру күші, кедергі күші, қуат коэффициенттері және айналу момент коэффициенттері есептелінді. 90◦-та бұрылған екі сатылы роторының Cl және Cd жоғары, бірақ ең төменгі өнімділік Cp 0,13 мәнін берді. Электр энергиясын өндіру үшін Савониус жел турбиналарының ішінде 30◦-та бұрылған екі сатылы дизайн ротордың өнімділігін жақсартатын балама дизайн екенін анықтадық. Кілтті сөздер: Жаңартылатын энергия ,Савониус жел турбинасы,3D CFD модельдеу, кедергі күші, көтеруші күш.

Zitieren

APA

Қаласов, Н. Б., Манатбаев, Р. К., Байжұма, Ж. Е., & Сатқынова, А. Қ. (2025). САВОНИУС РОТОРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛАҚ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ САНДЫҚ БОЛЖАМЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series. https://doi.org/10.48081/bnko2429

Vancouver

Қаласов НБ, Манатбаев РК, Байжұма ЖЕ, Сатқынова АҚ. САВОНИУС РОТОРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛАҚ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ САНДЫҚ БОЛЖАМЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series. 2025. doi:10.48081/bnko2429

BibTeX
@article{2025,
  author = {Қаласов, Н. Б. and Манатбаев, Р. К. and Байжұма, Ж. Е. and Сатқынова, А. Қ.},
  title = {САВОНИУС РОТОРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛАҚ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ САНДЫҚ БОЛЖАМЫ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Energetics series},
  year = {2025},
  doi = {10.48081/bnko2429}
}
Kostenlos starten →