Баласағұн арқылы өтіп Сарайшыққа жеткен керуен жолдар
Turan Archaeology · 30.09.2026 · 2 (2)
DOI: 10.47526/3136-9650.493 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Turan Archaeology, online erschienen am 30.09.2026. Verfasst von Мадияр Елеуов und 3 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Мақалада ортағасырлық Қазақстан территориясында саяси-әлеуметтік тұрғыдан гүлденген қалалардың (Баласағұн (Ақтөбе), Исфиджаб, Яссы, Баршынкент, Сарайшық т.б.) қазіргі жай-күйі, экологиялық ахуалы, ескерткіштерде жүргізілген археологиялық зерттеулер және олардан алынған ғылыми нәтижелер, тарихи-топографиялық құрылымы, ерекшелігі, мерзімделу мәселелері жан-жақты қамтылды. Археология ғылымында кең түрде қолданылып жүрген модельдік заңдылықтарға сүйене отырып ортағасырлық Баласағұн және Сарайшық т.б. оның бойында орналасқан қалашықтар жүйесін байланыстыратын керуен жолдарын, жол бағыттарын, әлеуметтік-экономикалық қызметтерін әдіснамалық тұрғыда талданып, жан-жақты ашып көрсетілді. Зерттеудің талдау бөлімінде Шу-Талас өңіріндегі Тараз, Баласағұн, Сырдария-Қаратау алқабында орналасқан Түркістан, Сығанақ қалалары, сонымен қоса Үстірт және батыс Қазақстан аумағынан Сарайшық қалалық орталықтарының өзара байланысын қарастырып, Жібек жолының Қазақстан арқылы өткен керуен жолдарының ғылыми негіздемесі жазылады. Ғылыми негіздемені жазуда ландшафтық және кеңістіктік талдау тәсілдері қолданылды. Мақаланың геотарихи шекаралары, оңтүстік-шығыс жағынан Баласағұн қаласынан бастау ала отырып, батыс өңіріндегі Сарайшық қалашығы болып табылады. Бұл екі ескерткіштің мақалаға арқау болуының екі себебі бар: 1) Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды транзиттік бекет қызметін атқаруы; 2) Қазақстандық керуен жолдардың тоғысатын тоғыз жолдың торабында орналасуымен байланысты. Бұл мәселелер мақаланың нәтиже бөлімінде тарқатылып, жіктеледі. Мақаланың материалдық базасын топтауда отандық зерттеушілер: Ә.Х. Марғұлан, Л.Б. Ерзакович, К.М. Байпаков, С. Жолдасбаев, Т.В. Савельева, М. Елеуов, А. Нұржанов, Д. Талеев. Е. Ақымбек, Ә. Тажекеевтің еңбектері қолданылып, оның ішінде Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өткен керуен жолдары мен оның жүрген бағыттары, жалпы керуен жолдар тақырыбының қалыптасу тарихы, ортағасырлық ескерткіштердің қалалану үдерісі жөнінде, Жетісу, Шу-Талас, Сырдария-Қаратау өңірі, Үстірт шоққылары, Жайық жағысмен жүрген ортағасырлық жолдарға қатысты зерттеулер қарастырылады. Сонмен қатар Ұлы Жібек жолы тақырыбы төңіріегінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген шетелдік ғалымдар: П. Франкоппен, К. Като, Э.В. Ртвеладзенің еңбектерін негізге ала отырып, салыстырмалы-талдау жұмыстары жасалып, тұшымды нәтиежелер алынды. Ең алдымен ортағасырлық Баласағұн және Сарайшық ескерткіштерінің арасын байланыстырған керуен жолдарының бағыттары яғни, Шу-Талас, Сырдария-Қаратау, Үстірт-Мұғалжар, Жайық-Сарайышық керуен жолдары деп жітеліп, аталған керуен жолдарының пайда болуы мен даму тарихына қатысты ғылыми тұжырымдар мақала нәтижесінде ұсынылады. Шу өзені бойында орналасқан Баласағұн қалашығынан шыққан керуендер онан әрі Талас өзенінін жағалай Қаратауға, онан Сыр бойына, онан әрі Арал теңізін айналып өтіп көне Мұғалжар тау шатқалдарына, онан Үстірт бағыты арқылы Жайықты бойлай Сарайшық қалашығына жеткені және осы аралықта орналасқан белгілі тарихи ескерткіш нысандарының қазіргі экологиялық ахуалы жайында тың ақпараттар беріледі.
Zitieren
APA
Елеуов, М., Есен, С., Молдахмет, А., & Cinar, S. (2026). Баласағұн арқылы өтіп Сарайшыққа жеткен керуен жолдар. Turan Archaeology, 2(2). https://doi.org/10.47526/3136-9650.493
Vancouver
Елеуов М, Есен С, Молдахмет А, Cinar S. Баласағұн арқылы өтіп Сарайшыққа жеткен керуен жолдар. Turan Archaeology. 2026;2(2). doi:10.47526/3136-9650.493
BibTeX
@article{2026,
author = {Елеуов, Мадияр and Есен, Сырым and Молдахмет, Архад and Cinar, Serhan},
title = {Баласағұн арқылы өтіп Сарайшыққа жеткен керуен жолдар},
journal = {Turan Archaeology},
year = {2026},
volume = {2},
number = {2},
doi = {10.47526/3136-9650.493}
}
EUVIMED