EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭТНОГЕНЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ: Е. ТҰРСЫНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ

О. Сөйлемез, Г. Б. Алимканова

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 530-540

DOI: 10.48081/bgqf2010 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von О. Сөйлемез und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Фольклорлық туындылар – халық даналығы мен мәдени-философиялық танымын танытатын қазақ тарихы мен мәдениеттануын зерттеудің қайнар бұлағы. Қазақ фольклорында халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, өмірі, рухани болмысы мен ойлау жүйесі көрініс тауып, сол арқылы ұлттық дүниетанымның болмысын зерделеуге болатыны анық. Тарихта болған қоғамдық, әлеуметтік құбылыстарды қамтыған қазақ халқының ертеден келе жатқан өзіне тән дүниетанымы мен әдет-ғұрпын айғақтайтын фольклорлық мәдени мұралары халықтың рухани қазына тірегі болары анық. Мақаланың негізгі мақсаты – Е. Тұрсыновтың ғылыми тұжырымдары негізінде қазақ тұрмыс-салт ертегілерінің генезисін, ауыз әдебиет жасаушылардың байырғы өкілдерінің атқаратын рөлін және Қорқыт бейнесінің түркі дүниетанымындағы орнын кешенді түрде талдау арқылы қазақ халқының фольклор мұрасының этногенездік негіздерін айқындау. Мақалада қазақ фольклорының қалыптасу арналары мен генезис мәселелері білгір ғалым, талантты фольклортанушы Е.Тұрсынов еңбектері негізінде қарастырылады. Зерттеу барысында қазақ тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегі, қазақ ауыз әдебиетінің байырғы өкілдері және олардың этномәдени дүниетаныммен байланысы талданады. Сондай-ақ Қорқыт бейнесінің түркі фольклорындағы орны, оның мифологиялық және тарихи сипаты, рухани-мәдени мәні зерделеніп, қазақ болмысының дүниетанымдық негіздерімен сабақтастығы айқындалады. Мақалада фольклорды этногенездік үдерістерімен байланыстыра қарастыру арқылы қазақ халқының рухани мұрасының терең тарихи тамырлары көрсетіледі.

Zitieren

APA

Сөйлемез, О., & Алимканова, Г. Б. (2026). ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭТНОГЕНЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ: Е. ТҰРСЫНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 530-540. https://doi.org/10.48081/bgqf2010

Vancouver

Сөйлемез О, Алимканова ГБ. ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭТНОГЕНЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ: Е. ТҰРСЫНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:530-540. doi:10.48081/bgqf2010

BibTeX
@article{2026,
  author = {Сөйлемез, О. and Алимканова, Г. Б.},
  title = {ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭТНОГЕНЕЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ: Е. ТҰРСЫНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {530--540},
  doi = {10.48081/bgqf2010}
}
Kostenlos starten →