EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС: ДЕРБЕС ПОЭТИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР

Г. С. Мусинова, Г. Б. Кожахметова, М. Каваклы

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 324-335

DOI: 10.48081/bgqf1996 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Г. С. Мусинова und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада қазақ әдебиетіндегі экологиялық дискурс жан-жақты қарастырылған. Қазақ әдебиетінде адам мен табиғат арасындағы үйлесім өзекті тақырып ретінде көркем шығармадағы негізгі арна саналады. Мақаланың мақсаты – қазақ әдебиетіндегі экологиялық дискурстың берілуі, негізгі идеялық мәнді анықтау. Осыған сәйкес поэма, проза жанрындағы туындылар талданып, мазмұндық ерекшеліктері айқындалған. Ұлттық әдебиетімізде экологиялық дискурстың сомдалуы жанрға сәйкес түрлі сипатта көрінеді. Поэма жанрында адам мен табиғат арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы эпикалық түрде беріледі. Проза жанрында экожүйенің сарқылған болмысы, экологиялық зардаптың салдары бейнеленген. Осылайша мақаланың құндылығы – қазақ әдебиетіндегі экологиялық дискурстың берілуіндегі авторлық интерпретацияны, ұлттық танымды айқындай түседі. Қазақ әдебиетінде экологиялық дискурс эпикалық баяндаудан бастап, мистикалық, фольклорлық мотивтер, постколониалды әдебиет, тақырыптық-мазмұндық арналар сынды аспектілерде көрініс табады. Дегенмен экологиялық дискурс арқылы анықталған экологиялық апаттар ұлттық, философиялық таныммен астасып дербес поэтикалық туындылардың қатарын толықтырды. Экологиялық қасіреттің қазақ әдебиетінде берілуі авторлық интерпретациямен анықталатын көркемдік шешіммен жүзеге асқан. Осыған сәйкес зерттеу нәтижесінде экологиялық дискурс қазақ әдебиетінде ұлттық трагедия деңгейінде терең философиялық мәнге ие екенін анықтаймыз.

Zitieren

APA

Мусинова, Г. С., Кожахметова, Г. Б., & Каваклы, М. (2026). ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС: ДЕРБЕС ПОЭТИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 324-335. https://doi.org/10.48081/bgqf1996

Vancouver

Мусинова ГС, Кожахметова ГБ, Каваклы М. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС: ДЕРБЕС ПОЭТИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:324-335. doi:10.48081/bgqf1996

BibTeX
@article{2026,
  author = {Мусинова, Г. С. and Кожахметова, Г. Б. and Каваклы, М.},
  title = {ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКУРС: ДЕРБЕС ПОЭТИКАЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {324--335},
  doi = {10.48081/bgqf1996}
}
Kostenlos starten →