Қазақ ауыз әдебиетіндегі Домалақ ана мен Қарашаш сұлудың бейнесі
TIL BILIMI · 30.09.2026 · (1) · 33-45
DOI: 10.68812/mdgvwc55 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift TIL BILIMI, online erschienen am 30.09.2026. Verfasst von Аружан Маханбетқызы.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада қазақ аңыз-әңгімелеріндегі дана әйел бейнесін визуалды және мазмұндық тұрғыдан біріздендіру мәселесі Домалақ ана мен Қарашаш сұлу тұлғалары негізінде қарастырылады. Қазақ фольклорында әйел бейнесі көбіне ақыл-парасаттың, рухани тазалықтың, аналық мейірім мен инабаттылықтың символы ретінде сипатталғанымен, олардың нақты көркем портреттері халық жадында тұрақты қалыптаса бермеген. Зерттеудің мақсаты – аңыздардағы мәтіндерде берілген сипаттамаларға, оқиғаларға, істеген істеріне сүйене отырып, кейіпкерлердің ортақ және дара белгілерін айқындау, сондай-ақ ғылыми негізделген визуалды бейне қалыптастырудың қағидаттарын ұсыну. Зерттеудің негізгі материалы ретінде «Бабалар сөзі» көптомдығындағы тарихи аңыздар, сондай-ақ этнографиялық және әдеби-танымдық еңбектер пайдаланылды. Әдістемелік негіз ретінде сипаттамалық, контекстік және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мақала нәтижелері қазақ фольклорындағы әйел бейнесін жүйелеуге, ұлттық мәдени кодты сақтай отырып, оны қазіргі білім беру, балалар әдебиеті мен медиакеңістікте тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Zitieren
APA
Маханбетқызы, А. (2026). Қазақ ауыз әдебиетіндегі Домалақ ана мен Қарашаш сұлудың бейнесі. TIL BILIMI, 33-45. https://doi.org/10.68812/mdgvwc55
Vancouver
Маханбетқызы А. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Домалақ ана мен Қарашаш сұлудың бейнесі. TIL BILIMI. 2026:33-45. doi:10.68812/mdgvwc55
BibTeX
@article{2026,
author = {Маханбетқызы, Аружан},
title = {Қазақ ауыз әдебиетіндегі Домалақ ана мен Қарашаш сұлудың бейнесі},
journal = {TIL BILIMI},
year = {2026},
number = {1},
pages = {33--45},
doi = {10.68812/mdgvwc55}
}
EUVIMED