EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСЫ: АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҢҒЫРТУ АСПЕКТІЛЕРІ

Қ. С. Қалыбаева, А. О. Тымбол

Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 178-193

DOI: 10.48081/bgqf1986 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Қ. С. Қалыбаева und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада қазақ тілінің қазіргі кезеңдегі ғылым тілі ретіндегі дағдарысқа ұшырауы қазақ орфографиясын кодификациялау қайшылықтары тұрғысынан қарастырылады. Ғылыми дискурста қазақ тілінің шектеулі қолданылу себептері тарихи, теориялық және әдіснамалық факторлармен байланыста зерделенеді. Ақымет Байтұрсынұлы қалыптастырған жазу теориясы, терминжасам қағидалары мен ғылыми стиль моделінің қазіргі тіл саясаты мен академиялық коммуникация үшін өзектілігін анықтау көзделеді. Қазақ тілінің ғылым тілі ретінде әлсіреуі тілдің ішкі әлеуетімен емес, ұлттық ғылыми модельден ауытқумен байланыстырылады. Бұл арадағы басты қиындықтардың бірі – қазақ орфографиясының тұрақсыздығы мен тілдік нормалардың бірізді болмауы. Өйткені әлемдік ғылыми коммуникация ағылшын тілінде жүргізіліп, сол тілде қалыптасуда. Сондықтан мақалада А.Байтұрсынұлының орфографиялық және терминологиялық тәжірибесі зерттеліп, қазіргі ғылыми тілдің қалыптасуы үшін маңызды әдіснамалық негіз ретінде бағаланады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Байтұрсынұлы қағидаларын қазіргі жазу реформасына орай жаңғырту ғылыми мәтіндерді жүйелеуге, ұлттық терминологиялық саясатта бірізділікті сақтауға және қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі беделін арттыруға мүмкіндік береді. Ғалымның ұстанымы ұлттық тілдің ғылыми әлеуетін күшейтуде практикалық және стратегиялық маңызды тетік бала алатындығы көрсетіледі.

Zitieren

APA

Қалыбаева, Қ. С., & Тымбол, А. О. (2026). ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСЫ: АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҢҒЫРТУ АСПЕКТІЛЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 178-193. https://doi.org/10.48081/bgqf1986

Vancouver

Қалыбаева ҚС, Тымбол АО. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСЫ: АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҢҒЫРТУ АСПЕКТІЛЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:178-193. doi:10.48081/bgqf1986

BibTeX
@article{2026,
  author = {Қалыбаева, Қ. С. and Тымбол, А. О.},
  title = {ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕГІ ДАҒДАРЫСЫ: АҚЫМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАҢҒЫРТУ АСПЕКТІЛЕРІ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {178--193},
  doi = {10.48081/bgqf1986}
}
Kostenlos starten →