ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Yassawi Journal of Philology · 30.06.2026 · 2 (2) · 133-145
DOI: 10.47526/3107-3085.346 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Yassawi Journal of Philology, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von А.Т. КАРАБАЕВ. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Мақала қазақ тіл білімі тарихындағы синтаксис пен пунктуация теорияларының қалыптасуын, сондай-ақ ұлттық тілдік дидактиканың және оқыту әдістемесінің даму жолдарын тереңірек зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі, білікті әдіскер-педагог, профессор Қажым Аманғалиұлы Басымовтың (1896–1939) қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясына, сондай-ақ орфографиясы мен терминологиясын жүйелеуге қосқан ғылыми үлесін кешенді түрде талдау. Зерттеу әдіснамасы ғалымның 1930-жылдардағы іргелі ғылыми-әдістемелік еңбектеріне, оның ішінде «Ауыл мұғалімі» және «Халық мұғалімі» журналдарында жарияланған маңызды мақалаларына жүргізілген контент-анализ, тарихи-салыстырмалы және мәтіннамалық талдауларға негізделген. Зерттеу барысында Қажым Басымовтың синтаксисті оқытуға жалаң формальды емес, функционалдық-прагматикалық тәсілді алғашқылардың бірі болып енгізгені нақты анықталды. Оның сөйлем мүшелерін, әсіресе күрделі пысықтауыш санаттарын мағыналық топтарға жіктеудегі жаңашылдығы, сондай-ақ ауызекі сөйлеуге тән «толымсыз сөйлемдер» ұғымын ғылыми айналымға енгізуі нақты лингвистикалық мысалдармен дәлелденді. Бұған қоса, тыныс белгілерін қоюдағы интонациялық-логикалық принципі жан-жақты қарастырылып, оның Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов сынды ізашарлардың еңбектерімен тарихи сабақтастығы айқын көрсетілді. Қорытындылай келе, ғалымның құрылымдық-функционалдық тұжырымдары қазақ тілін оқыту әдістемесінің және қазіргі коммуникативтік синтаксистің дамуына өте мықты іргетас болғаны ғылыми тұрғыдан толық негізделді. Бұл зерттеу ұлттық лингвистика тарихындағы ғалым мұрасының өзектілігін қайта жаңғыртады.
Zitieren
APA
КАРАБАЕВ, А. (2026). ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ. Yassawi Journal of Philology, 2(2), 133-145. https://doi.org/10.47526/3107-3085.346
Vancouver
КАРАБАЕВ А. ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ. Yassawi Journal of Philology. 2026;2(2):133-145. doi:10.47526/3107-3085.346
BibTeX
@article{2026,
author = {КАРАБАЕВ, А.Т.},
title = {ҚАЖЫМ БАСЫМОВТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СИНТАКСИСІ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАРЫ},
journal = {Yassawi Journal of Philology},
year = {2026},
volume = {2},
number = {2},
pages = {133--145},
doi = {10.47526/3107-3085.346}
}
EUVIMED