EUVIMEDEuropean Health Evidence
Uhr 7/7Sources Journal Tree
Easy Demo

Lokaler Crossref-Datenbestand · journal-article

СОЗЫЛМАЛЫ СЕНСОНЕВРАЛДЫ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ЖОҒАЛУЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: «АУДИОТОН»ЖӘНЕ «ТОНЗИЛЛОР» ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ РӨЛІ

С. Оспанова, M. Оспанова, А. Ерназаров, A. Иманбердиева, O. Педан, A. Ахметов, Р. Файзуллаев, A. Нурманова, E. Тагай, Г. Аяпберген

Yassawi Journal of Health Sciences · 2026

Vollständiger Abstract

Worum geht es in dieser Arbeit?

Созылмалы сенсоневралды есту қабілетінің жоғалуы (ССНЕҚЖ) қазіргі оториноларингологиядағы өзекті медициналық және әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Аурудың патогенезінің күрделілігі мен емдеу нәтижелерінің шектеулілігі тиімді терапиялық тәсілдерді іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты физиотерапиялық технологияларды кешенді емдеу құрамында қолданудың клиникалық тиімділігін бағалау ерекше қызығушылық тудырады. Зерттеудің мақсаты – тамырлы этиологиялы созылмалы сенсоневралды есту қабілетінің жоғалуын емдеуде «Аудиотон» және «Тонзиллор» физиотерапиялық құрылғыларын кешенді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. Зерттеуге жасы 40–53 жас аралығындағы тамырлы генезді созылмалы сенсоневралды есту қабілетінің жоғалуы бар 62 пациент енгізілді. Перспективалық клиникалық зерттеу аясында барлық науқастарға стандартты фармакотерапиямен қатар «Аудиотон» және «Тонзиллор» құрылғыларын қолдану арқылы кешенді ем жүргізілді. Есту функциясының динамикасы таза тондық аудиометрия әдісімен ем басталғанға дейін, емдеу аяқталғаннан кейін және 1 айлық бақылау кезеңінде бағаланды. Нәтижелер. Емдеудің 5–6-күнінен бастап пациенттердің басым бөлігінде естудің субъективті жақсаруы және құлақтағы шудың қарқындылығының төмендеуі байқалды. I және II дәрежелі созылмалы сенсоневралды есту қабілетінің жоғалуы бар науқастарда 3, 4, 6 және 8 кГц жиіліктерде есту табалдырығының статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуі анықталды, жақсару көрсеткіші орта есеппен 14–17 дБ құрады (p

Bibliografischer Nachweis

Publikationsdaten

Autor:innen
С. Оспанова, M. Оспанова, А. Ерназаров, A. Иманбердиева, O. Педан, A. Ахметов, Р. Файзуллаев, A. Нурманова, E. Тагай, Г. Аяпберген
Quelle
Yassawi Journal of Health Sciences
Publikation
2026-01-01
Band / Ausgabe
Nicht angegeben
Seiten
Nicht angegeben
ISSN / ISBN
3080-8715
Zitationen
0 laut Crossref
Referenzen
0 hinterlegt

Zitieren

Zitierfähiger Nachweis

С. Оспанова, M. Оспанова, А. Ерназаров, A. Иманбердиева, O. Педан, A. Ахметов, Р. Файзуллаев, A. Нурманова, E. Тагай, Г. Аяпберген (2026). СОЗЫЛМАЛЫ СЕНСОНЕВРАЛДЫ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ЖОҒАЛУЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ: «АУДИОТОН»ЖӘНЕ «ТОНЗИЛЛОР» ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ РӨЛІ. Yassawi Journal of Health Sciences. https://doi.org/10.47526/3080-8715.6008
RIS BibTeX CSL-JSON