EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Қазіргі қазақ медиамәтіндеріндегі ресми стильдің трансформациясы: жаңалықтар жанрларын лингвистикалық талдау

О. Уалиев, A. Аккузова, О. Нуржакупов, А. Камзина

Eurasian Journal of Philology Science and Education · 23.03.2026 · 201 (1)

DOI: 10.26577/ejph2011202615 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Eurasian Journal of Philology Science and Education, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von О. Уалиев und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақала қазіргі қазақ медиамәтіндердегі, атап айтқанда жаңалықтар жанрларындағы ресми стильдің өзгеруін талдауға арналған. Зерттеу ресми және ауызекі дискурстарын жақындастыру, сондай-ақ цифрландыру үдерістерінің әсерінен жаңалықтар мәтіндерінің құрылымы мен стилінде болатын лингвистикалық өзгерістерді анықтауға бағытталған. Авторлар медиамәтіндегі ресми стильдің нормативтілік, клишелену, формалдылық сияқты негізгі ерекшеліктерін қарастырады және оларды заманауи коммуникация жағдайында қайта қарау үрдістерін бақылауға алады. Қазақ жаңалықтар дискурсында сөйлеу және мәнерлілік элементтерінің, сондай-ақ англицизмдер мен интернет сленгінің пайда болуына ерекше назар аударылады. Ресми стиль дәстүрлі түрде қатаң ресімделген мәтіндерді (заңдар, ережелер, ресми мәлімдемелер) жасау үшін қолданылған. Алайда, қазіргі медиа ортада ол өзгерістерге ұшырайды, демократиялық сипатқа ие болады, кең аудиторияға қолайлы, көбінесе ауызекі сөйлеу, эмоционалдық және визуалды материалдар элементтерін біріктіреді. Медиа және ақпарат алмасу саласындағы коммуникация нысандары мен әдістерінің қаншалықты жылдам өзгеретінін ескере отырып, тақырыптың өзектілігі жоғары. Соңғы жылдары қазіргі медиа контекстінде дәстүрлі стильдердің, соның ішінде ресми стильдің айтарлықтай өзгеруі байқалды, ол тез қабылдау мен кең аудиторияның талаптарына бейімделеді. Зерттеудің нәтижелері қазақ қоғамындағы БАҚ-тың әлеуметтік-мәдени рөлінің өзгеруін көрсететін ресми және бейресми белгілерді біріктіретін жаңа гибридті стильдің қалыптасуы туралы айтуға мүмкіндік береді. Зерттеуде дескриптивті, контент-талдау, салыстырмалы, дискурс-талдау әдістері қолданылды. Түйін сөздер: трансформация, медиамәтін, клише, нормативтілік, интернет-сленг.

Zitieren

APA

Уалиев, О., Аккузова, A., Нуржакупов, О., & Камзина, А. (2026). Қазіргі қазақ медиамәтіндеріндегі ресми стильдің трансформациясы: жаңалықтар жанрларын лингвистикалық талдау. Eurasian Journal of Philology Science and Education, 201(1). https://doi.org/10.26577/ejph2011202615

Vancouver

Уалиев О, Аккузова A, Нуржакупов О, Камзина А. Қазіргі қазақ медиамәтіндеріндегі ресми стильдің трансформациясы: жаңалықтар жанрларын лингвистикалық талдау. Eurasian Journal of Philology Science and Education. 2026;201(1). doi:10.26577/ejph2011202615

BibTeX
@article{2026,
  author = {Уалиев, О. and Аккузова, A. and Нуржакупов, О. and Камзина, А.},
  title = {Қазіргі қазақ медиамәтіндеріндегі ресми стильдің трансформациясы: жаңалықтар жанрларын лингвистикалық талдау},
  journal = {Eurasian Journal of Philology Science and Education},
  year = {2026},
  volume = {201},
  number = {1},
  doi = {10.26577/ejph2011202615}
}
Kostenlos starten →