Секуляризация теориясының эволюциясы: классикалық, жаңа және эклектикалық парадигмалар
QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE · 2026
DOI: 10.65608/qut.2026.3.04 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE, 2026. Verfasst von Дауиржан Бердимурат und 1 weiteren Autor:innen. Der Volltext ist frei zugänglich (Open Access, CC BY 4.0).
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы діннің орны мен қоғамдық ықпалының өзгеруін түсіндіретін секуляризация ұғымының теориялық негіздері жан-жақты қарастырылады. Зерттеу аясында секуляризация ұғымының этимологиялық және тарихи қалыптасуы, оның әлеуметтік ғылымдардағы мазмұны, сондай-ақ діннің қоғамдық, институционалдық және жеке тұлғалық деңгейлердегі өзгерістері талданады. Секуляризация теориясының классикалық, жаңа және эклектикалық парадигмаларының негізгі тұжырымдары салыстырылып, олардың қазіргі қоғамдағы діни үдерістерді түсіндірудегі ерекшеліктері мен шектеулері сараланады. Классикалық парадигма модернизация, рационалдану және әлеуметтік жіктелу нәтижесінде діннің қоғамдық ықпалы мен институционалдық беделінің төмендеуін негіздейді. Жаңа парадигма бұл тұжырымға сын көзбен қарап, діни жаңғыру, жеке тұлғалық діндарлықтың сақталуы және діннің қоғамдық кеңістіктегі қайта көрінуіне назар аударады. Үштік жіктеу жалпыға бірдей мойындалған типология ретінде емес, ғылыми әдебиетке сүйенетін жұмыс схемасы ретінде қолданылады. «Эклектикалық тәсіл» атауы діни беделдің өзгеруін жеке тұлғалық діндарлықтан және діннің қоғамдық-мәдени көріністерінен ажырататын ұстанымдарды шартты түрде біріктіреді, бірақ оларды біртұтас ғылыми мектеп ретінде қарастырмайды. Салыстыру нәтижесінде белгілі бір тәсілдің әмбебап басымдығы емес, қарастырылған ұстанымдардың талдамалық мүмкіндіктері мен шектеулері айқындалды.
Zitieren
APA
Бердимурат, Д., & Бұлан, Ж. (2026). Секуляризация теориясының эволюциясы: классикалық, жаңа және эклектикалық парадигмалар. QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE. https://doi.org/10.65608/qut.2026.3.04
Vancouver
Бердимурат Д, Бұлан Ж. Секуляризация теориясының эволюциясы: классикалық, жаңа және эклектикалық парадигмалар. QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE. 2026. doi:10.65608/qut.2026.3.04
BibTeX
@article{2026,
author = {Бердимурат, Дауиржан and Бұлан, Жоламан},
title = {Секуляризация теориясының эволюциясы: классикалық, жаңа және эклектикалық парадигмалар},
journal = {QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE},
year = {2026},
doi = {10.65608/qut.2026.3.04}
}
EUVIMED