EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

СОВРЕМЕННЫЕ КОНВЕРГЕНЦИОННЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВЫХ ПРОЦЕССОВ В ФОРМАТЕ КАЗАХСТАНСКО-ГЕРМАНСКИХ ОТНОШЕНИЙ

И.В. Межибовская, В. Зайбель

VERITAS LEGIS JOURNAL · 30.09.2026 · 2 (3)

DOI: 10.62687/vlj.3.2.2026.66 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift VERITAS LEGIS JOURNAL, online erschienen am 30.09.2026. Verfasst von И.В. Межибовская und 1 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Конвергенция проблемалары түрлі мемлекеттер мен халықаралық мемлекеттік бірлестіктердің құқықтары бүгінде адамзаттың жаһандық, өркениеттік проблемалары сипатына ие болуда. Мұндай мәселелердiң шешiлмеуi немесе сауатсыз, ойластырылмаған, саяси-экономикалық және өзге де бағыттар тұрғысынан актуарлық есептелмеген шешiмдер тiкелей мемлекеттердiң, халықтардың, әлеуметтiк қоғамдардың және тұтастай алғанда адамзаттың өмiр сүруiнiң елеулi салдарларына әкеп соғуы мүмкiн. Байқалып отырған қазiргi дағдарыс жағдайында құқықтық процестердiң конвергенциялық бағыттары мемлекеттер мен мемлекетаралық бiрлестiктердiң өзара қарым-қатынастарының табиғи тарихи процесiнiң мiндеттi кезеңi бола отырып, халықаралық жанжалдарды нақты шешудiң, мемлекеттердiң олардың қызметi мен тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң түрлi салаларында қалыпты, оң үрдiстiк дамуының базалық құралдарының бiрiне айналады. Мақаланың авторлары бүгін әскери, саяси, сол сияқты идеологиялық, адамгершілік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларда айқындалған жоғарыда көрсетілген сын-қатерлер мен халықаралық қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының заңнамасын жақындастырудың қазіргі және ықтимал шарттарын қарастырады. Екі елдің ұлттық құқығын, халықаралық құқық нормаларын, екіжақты шарттарды, сондай-ақ жоғарыда аталған елдер қатысушылары болып табылатын көпжақты шарттық міндеттемелерді талдамалық зерттеу негізінде авторлар өзара тиімді жағдайларды ғана емес, әлемдік тәртіп форматындағы қауіпсіздікті бекітуге, регламенттеуге және сауатты іске асыруға бағытталған құқықтың құқықтық жүйелерін жақындастыру бойынша неғұрлым тиімді іс-қимыл нұсқаларын ұсынады. Құқықтық регламенттеуде, авторлардың көзқарасы бойынша, түрлі елдердің құқықтық жүйелерінің конвергенциясы жүйесінде мемлекеттің ұлттық мүдделері мен басымдықтарын құрметтеу, ортақ консенсуалдық келісімді іздеу процесінде жолдар мен мүмкіндіктерді айқындау ерекше орын алады. Бұдан басқа, авторлар Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының оң стандарттары бірыңғай роман-герман құқықтық жүйесінің қағидаттары мен канондарына негізделетінін негізге алды.

Zitieren

APA

Межибовская, И., & Зайбель, В. (2026). СОВРЕМЕННЫЕ КОНВЕРГЕНЦИОННЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВЫХ ПРОЦЕССОВ В ФОРМАТЕ КАЗАХСТАНСКО-ГЕРМАНСКИХ ОТНОШЕНИЙ. VERITAS LEGIS JOURNAL, 2(3). https://doi.org/10.62687/vlj.3.2.2026.66

Vancouver

Межибовская И, Зайбель В. СОВРЕМЕННЫЕ КОНВЕРГЕНЦИОННЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВЫХ ПРОЦЕССОВ В ФОРМАТЕ КАЗАХСТАНСКО-ГЕРМАНСКИХ ОТНОШЕНИЙ. VERITAS LEGIS JOURNAL. 2026;2(3). doi:10.62687/vlj.3.2.2026.66

BibTeX
@article{2026,
  author = {Межибовская, И.В. and Зайбель, В.},
  title = {СОВРЕМЕННЫЕ КОНВЕРГЕНЦИОННЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ ПРАВОВЫХ ПРОЦЕССОВ В ФОРМАТЕ КАЗАХСТАНСКО-ГЕРМАНСКИХ ОТНОШЕНИЙ},
  journal = {VERITAS LEGIS JOURNAL},
  year = {2026},
  volume = {2},
  number = {3},
  doi = {10.62687/vlj.3.2.2026.66}
}
Kostenlos starten →