EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері

Azimkhan Ablaev, Laura Kumar, Muhabbat Baratova

Comparative Turkish Dialects and Literatures · 11.05.2026 · (9) · 43-49

DOI: 10.62425/ctdal.1903300 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Comparative Turkish Dialects and Literatures, online erschienen am 11.05.2026. Verfasst von Azimkhan Ablaev und 2 weiteren Autor:innen. Die Arbeit nennt 10 Literaturangaben.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада әдебиеттанудағы өзекті мәселелердің бірі көркем шындық пен тарихилық ұғымдарының арақатынасы қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – көркем мәтіндегі тарихи шындықтың бейнелену жолдарын, авторлық қиял мен деректілік арасындағы шекараны айқындау. Зерттеудің материалдық негізін көркем шындық пен тарихилық мәселесіне арналған философиялық, эстетикалық еңбектермен қатар көркем шындық ұғымын қазіргі әдебиеттану тұрғысынан түсіндіретін отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеушілердің көркемдік шындық, тарихилық туралы тұжырымдары жүйеленіп, олардың әдеби талдаудағы маңызы айқындалады. Көркем шығармадағы шындықтың эстетикалық табиғатын айқындайтын теориялық ұғым мимесис (mimesis) пен сол шындықты тудыратын шығармашылық әрекет ретіндегі көркем қиялға анықтама беріліп, айырмашылығы дәлелденеді. Зерттеу барысында салыстырмалы және сипаттамалық әдістер, зерттеу нәтижелерін тұжырымдауда интерпретациялық және герменевтикалық тәсілдер қолданылды. Соның негізінде қарастырылған теориялық көзқарастардың ғылыми сабақтастығы мен айырмашылықтары анықталады. Әдеби туындыдағы тарихи фактілердің көркемдік өңдеуден өтуі автор дүниетанымы мен эстетикалық ұстанымына тәуелді екені дәлелденеді. Мақала нәтижелері көркем шындық пен тарихилықтың өзара сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді және әдебиеттану мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулерге теориялық тірек бола алады.

Zitieren

APA

Ablaev, A., Kumar, L., & Baratova, M. (2026). Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері. Comparative Turkish Dialects and Literatures, 43-49. https://doi.org/10.62425/ctdal.1903300

Vancouver

Ablaev A, Kumar L, Baratova M. Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері. Comparative Turkish Dialects and Literatures. 2026:43-49. doi:10.62425/ctdal.1903300

BibTeX
@article{Ablaev2026,
  author = {Ablaev, Azimkhan and Kumar, Laura and Baratova, Muhabbat},
  title = {Көркем Шындық Және Тарихилық Ұғымдарының Теориялық Негіздері},
  journal = {Comparative Turkish Dialects and Literatures},
  year = {2026},
  number = {9},
  pages = {43--49},
  doi = {10.62425/ctdal.1903300}
}
Kostenlos starten →