The structual and institutional activities of the Alash movement in East Kazakhstan in the early 20th century: a historicaal analysis
Kazakh history · 2025
DOI: 10.62183/2025-2-6-14 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Kazakh history, 2025. Verfasst von M. Abubakir.
Abstract (Originalsprache)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси санасының серпінді оянуы мен ұлт-тық жаңғыру үдерісінің жарқын көрінісі – Алаш қозғалысы болды. Бұл мақалада аталған қозға-лыстың Шығыс Қазақстан өңіріндегі, нақтырақ айтқанда, Семей орталығы аясындағы құрылым-дық-институционалдық қызметі тарихи деректер мен архивтік материалдар негізінде кешенді түрде талданады. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін қазақ зиялылары ұлт-тық мемлекеттілікті қалыптастыру мақсатында нақты әрекеттерге көшіп, Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін жариялады. Семей қаласы Алаш автономиясының уақытша астанасы ретін-де таңдалып, осы өңір қозғалыстың саяси орталықтарының біріне айналды. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихының құжаттама орталығы қорларындағы сирек кездесетін тарихи құжаттар кешені пайдаланылды. Олардың қатарында Алашорда Шығыс бөлімшесінің ресми хаттары, бұйрықта-ры, мөрі бар бланкілері, жергілікті билік органдарымен алмасқан хат-хабарлар, сондай-ақ өзге билік құрылымдарымен (Уақытша Сібір үкіметі, Колчак әкімшілігі, земстволар, қалалық думалар) байланыстарды көрсететін материалдар бар. Зерттеудің мақсаты – Алашорда үкіметінің Шығыс бөлімшесінің құрылымын, функцияларын және саяси-құқықтық қатынастар жүйесін институционалдық деңгейде талдау. Мақалада Ала-шорданың әскери, әкімшілік, сот және милиция жүйелерін құру жолындағы әрекеттері, жергілік-ті институттармен өзара ықпалдастық деңгейі және олардың автономия тұжырымдамасындағы орны жан-жақты қарастырылған. Зерттеу барысында тарихи-генетикалық, институционалдық, салыстырмалы және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Ғылыми жаңалық ретінде Шығыс бө-лімшенің қызметіне қатысты бұрын фрагментті сипатта қаралған деректерді жүйелі реконст-рукциялау арқылы тұтас тарихи-теориялық бейне жасалуы атап өтіледі. Бұл мақала Алаш қоз-ғалысының өңірлік сипатын тереңірек ашып, қазақ мемлекеттілігінің алғашқы нышандарының қалыптасу үдерісін жаңа қырынан пайымдауға мүмкіндік береді. Тарихи таным тұрғысынан ал-ғанда, бұл зерттеу ХХ ғасыр басындағы ұлттық модернизацияның институционалдық негіздерін түсінуге елеулі үлес қосады.
Zitieren
APA
Abubakir, M. (2025). The structual and institutional activities of the Alash movement in East Kazakhstan in the early 20th century: a historicaal analysis. Kazakh history. https://doi.org/10.62183/2025-2-6-14
Vancouver
Abubakir M. The structual and institutional activities of the Alash movement in East Kazakhstan in the early 20th century: a historicaal analysis. Kazakh history. 2025. doi:10.62183/2025-2-6-14
BibTeX
@article{Abubakir2025,
author = {Abubakir, M.},
title = {The structual and institutional activities of the Alash movement in East Kazakhstan in the early 20th century: a historicaal analysis},
journal = {Kazakh history},
year = {2025},
doi = {10.62183/2025-2-6-14}
}
EUVIMED