EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ

Б. Дәнкей, Г. Талғатқызы, Р.Б. Джельдыбаева

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ХАБАРШЫСЫ “ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ” сериясы · 2026-07 · 81 (2)

DOI: 10.48371/phils.2026.2.81.033 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ХАБАРШЫСЫ “ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ” сериясы, 2026-07. Verfasst von Б. Дәнкей und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Қытайдың көрнекті жазушысы Мо Ян шығармашылығы, әсіресе «Өмір мен өлім азабы» романы қытай қоғамындағы тарихи-әлеуметтік өзгерістердің көпқабатты сипатын және ауылдық кеңістіктің күрделі болмысын ұлттық-тілдік дүниетаным арқылы көркем бейнелеуімен ерекшеленеді. Роман композициясында көрінетін аллегориялық қайта туу, буддистік және мифологиялық таным элементтері, сондай-ақ халықтық тілдік материалдардың мол қамтылуы мәтіннің көркемдік құрылымын тереңдетіп, оны философиялық-антропологиялық деңгейге көтереді. Қайта туу идеясы кейіпкер тағдырын бір ғана уақыт шеңберінде тұйықтамай, ұрпақ ауысуы мен тарихи кезеңдердің сабақтастығын, кінә-жаза, өмір-өлім, әділет-қиянат тәрізді іргелі бинарлық оппозициялардың үздіксіз қозғалысын көрсетуге мүмкіндік береді. Романдағы диалект сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, тұрмыстық-экспрессивті лексика, сондай-ақ халықтық өлең-жыр үлгілері шығарманың ұлттық болмысын танытатын негізгі тілдік-мәдени тетіктер ретінде арнайы талдауды қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – шығармадағы жергілікті ауызекі тіл бірліктерінің (диалект сөздер, идиомалар мен тұрақты тіркестер, эмоционалды-экспрессивті лексемалар, халықтық жырлар) мәдени-танымдық қызметін анықтау және олардың қазақша аудармадағы ерекшелігін салыстырмалы тұрғыда сипаттау. Бұл мақсатқа сәйкес жұмыста мәтіндегі тілдік бірліктердің семантикалық құрылымы, бағалауыш-экспрессивтік реңкі, контекстік қызметі және мәдени ишаралық мазмұны айқындалып, түпнұсқа мен аударма арасындағы мағыналық сәйкестігі қарастырылады. Зерттеу жұмысында бірнеше әдістер қолданылды: концептуалды талдау (мәдени-танымдық ұғымдар мен концепт өрістерін айқындау), семантикалық талдау (мағына компоненттерін және контекстік түрленулерін сипаттау), компаративтік талдау (түпнұсқа-аударма сәйкестігін салыстыру). Зерттеу нәтижелері ұлттық-мәдени мазмұны қанық бірліктерді аударуда қандай тәсілдердің ұтымды екенін, қай жағдайда мағыналық, көркем мәтіннің тілдік колоритін сақтауда, қандай функционалды баламалар тиімді екенін айқындауға көмектеседі.

Zitieren

APA

Дәнкей, Б., Талғатқызы, Г., & Джельдыбаева, Р. (2026). МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ХАБАРШЫСЫ “ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ” сериясы, 81(2). https://doi.org/10.48371/phils.2026.2.81.033

Vancouver

Дәнкей Б, Талғатқызы Г, Джельдыбаева Р. МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ХАБАРШЫСЫ “ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ” сериясы. 2026;81(2). doi:10.48371/phils.2026.2.81.033

BibTeX
@article{2026,
  author = {Дәнкей, Б. and Талғатқызы, Г. and Джельдыбаева, Р.Б.},
  title = {МО ЯННЫҢ «ӨМІР МЕН ӨЛІМ АЗАБЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ: МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ АУДАРМАЛЫҚ ТАЛДАУ},
  journal = {Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ ХАБАРШЫСЫ “ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ” сериясы},
  year = {2026},
  volume = {81},
  number = {2},
  doi = {10.48371/phils.2026.2.81.033}
}
Kostenlos starten →