EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ГАЗДАНДЫРЫЛАТЫН МОДЕЛЬДЕР ӘДІСІМЕН ҚҰЮ КЕЗІНДЕГІ ҚҰЙМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ИНОКУЛЯТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЗЕРТТЕУ

В. Ю. Куликов, А. А. Қордашева2, Св. С. Квон, П. В. Ковалев

Science and Technology of Kazakhstan · 30.06.2026 · (2, 2026) · 351-366

DOI: 10.48081/bgqf2236 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Science and Technology of Kazakhstan, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von В. Ю. Куликов und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Газдандырылатын модельдер арқылы құю (ГМҚ) әдісімен құймалар алудағы негізгі мәселелер: – полистирол үлгісі жанған кезде болат құйманың беткі қабатының көміртектенуі; – үлгі материалы ретінде қолданылатын құюға арналған полистиролдың қымбаттылығы. Бұл жағдай соңғы құю өнімдерінің өзіндік құнын едәуір арттырып, өндірісте газдандырылатын модельдер арқылы құю әдісінің кең таралуына кедергі келтіреді. Әлемдік тәжірибеде ГМҚ әдісінде үлгілерді жасау үшін құрылыс полистиролының түйіршіктері қолданылмайды. Бұрын жүргізілген зерттеулер олардың үлгі материалының құрамдас бөлігі ретінде пайдалануға болатынын көрсетті. Сонымен қатар алынатын құймалардың құрылымын, демек олардың қасиеттерін басқару белгілі бір қиындықтарға ие. Ұсақ түйіршікті құрылымы бар (жоғары беріктікке ие) және бүкіл құйма көлемі бойынша құрамы біртекті болатын құймаларды алу мүмкіндігі құюдың температуралық режимін басқару арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, суспензиялық құюды газдандырылатын модельдер бойынша құюмен үйлестіре қолдану кезінде қолданылады. Инокуляторларды балқымаға енгізу үшін тікелей полистирол үлгісі қолданылады. Құю өндірісі машина жасаудың маңызды базасы болып табылады. Құю әдісі арқылы қалыптарды сұйық металмен толтыру кезінде әртүрлі пішінді құймалар алынады. Қатаю кезінде металл құйылған пішін қуысының контурын алады. Құйылған бұйымдар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады, өйткені құймалардың өлшемдері мен пішіндері көбінесе басқа тәсілдермен алынған дайындамаларға қарағанда дайын өнімнің қажетті өлшемдері мен пішіндеріне анағұрлым жақын болады. Бұл маңызды артықшылық болып саналады, себебі өңдеу шығындарын азайту өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және металл шығынын азайтады. Сонымен қатар, құйылған дайындамаларды өндіру әлдеқайда арзан. Кілтті сөздер: инокуляторлар, легірленген құймалар, суспензиялық құю, газдандырылатын құю әдісі, сапасы, құрылымы.

Zitieren

APA

Куликов, В. Ю., Қордашева2, А. А., Квон, С. С., & Ковалев, П. В. (2026). ГАЗДАНДЫРЫЛАТЫН МОДЕЛЬДЕР ӘДІСІМЕН ҚҰЮ КЕЗІНДЕГІ ҚҰЙМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ИНОКУЛЯТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЗЕРТТЕУ. Science and Technology of Kazakhstan, 351-366. https://doi.org/10.48081/bgqf2236

Vancouver

Куликов ВЮ, Қордашева2 АА, Квон СС, Ковалев ПВ. ГАЗДАНДЫРЫЛАТЫН МОДЕЛЬДЕР ӘДІСІМЕН ҚҰЮ КЕЗІНДЕГІ ҚҰЙМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ИНОКУЛЯТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЗЕРТТЕУ. Science and Technology of Kazakhstan. 2026:351-366. doi:10.48081/bgqf2236

BibTeX
@article{2026,
  author = {Куликов, В. Ю. and Қордашева2, А. А. and Квон, Св. С. and Ковалев, П. В.},
  title = {ГАЗДАНДЫРЫЛАТЫН МОДЕЛЬДЕР ӘДІСІМЕН ҚҰЮ КЕЗІНДЕГІ ҚҰЙМА САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ИНОКУЛЯТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЗЕРТТЕУ},
  journal = {Science and Technology of Kazakhstan},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {351--366},
  doi = {10.48081/bgqf2236}
}
Kostenlos starten →