КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ
Bulletin of Toraigyrov University. Law series · 29.06.2026 · (2, 2026) · 52-62
DOI: 10.48081/bgqf2206 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraigyrov University. Law series, online erschienen am 29.06.2026. Verfasst von Ж. Д. Кабиденова und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақалада көші-қон ағындарының Қазақстандағы діни қауіпсіздікке әсері көшіп-келушілердің әлеуметтік интеграциясы мен құқықтық реттеуге баса назар аударылады. Деструктивті діни идеялардың көші-қон және цифрлық арналар арқылы енуінің трансшекаралық тәуекелдері, сондай-ақ олардың алдын алудағы ведомствоаралық және әлеуметтік шаралардың рөлі қарастырылады. Осы ғылыми мақалада Қазақстандағы көші-қон процестерінің діни қауіпсіздікке әсері, трансшекаралық тәуекелдердің қалыптасу алғышарттары, олардың әлеуметтік және құқықтық мазмұны жан-жақты талданады. Көші-қон ағындарының қарқындануы, заңсыз көші-қон арналарының кеңеюі, сондай-ақ сырттан келетін деструктивті діни идеялардың таралу ықтималдығы ұлттық қауіпсіздікке жаңа қатерлер туындататыны көрсетілген. Сонымен қатар шетелдік миссионерлердің қызметін бақылау, діни әдебиеттерді сараптау, интернет пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық ықпалдарды шектеу сияқты құқықтық механизмдердің рөлі ашып көрсетіледі. Көшіп-келушілердің мәдени және діни айырмашылықтары жергілікті қоғаммен үйлеспеген жағдайда әлеуметтік шиеленіс пен радикалдану қаупі арта түсетіні атап өтіледі. Мақалада Қазақстанға тән геосаяси ерекшеліктер мен аймақтағы көші-қон динамикасы ескеріліп, трансшекаралық діни тәуекелдерді төмендету үшін кешенді, ведомствоаралық және әлеуметтік бағдарланған саясат қажеттігі негізделеді. Зерттеудің негізгі мақсаты-көші-қон саясаты мен діни қауіпсіздік саясатының өзара әрекеттесу механизмдерін анықтау және мигранттардың интеграциясы мен радикалданудың алдын алу үшін кешенді көзқарас қажеттілігін негіздеу. Кілтті сөздер: көші-қон, еңбекші көші-қон, діни қауіпсіздік, трансшекаралық тәуекелдер, әлеуметтік интеграция, құқықтық реттеу.
Zitieren
APA
Кабиденова, Ж. Д., & Талипова, Ж. Ж. (2026). КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ. Bulletin of Toraigyrov University. Law series, 52-62. https://doi.org/10.48081/bgqf2206
Vancouver
Кабиденова ЖД, Талипова ЖЖ. КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ. Bulletin of Toraigyrov University. Law series. 2026:52-62. doi:10.48081/bgqf2206
BibTeX
@article{2026,
author = {Кабиденова, Ж. Д. and Талипова, Ж. Ж.},
title = {КӨШІ-ҚОН АҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК: ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraigyrov University. Law series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {52--62},
doi = {10.48081/bgqf2206}
}
EUVIMED