EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ

Қ. Р. Тайболдина, Д. М. Оспанова, А. Р. Сыдықова, Ш. Ұ. Асқар

Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 305-317

DOI: 10.48081/bgqf2200 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Қ. Р. Тайболдина und 3 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Олимпиадалық есептерді шығару - оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады, математикаға, оның қолданылу саласына деген тұрақты қызығуын оятады, бағдарламалық материалды терең игеруіне және өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылар қабілетінің мейілінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді. Бұл мақалада жалпы орта білім беру мектептерінде қызмет атақарытын математика мұғалімдеріне арналған, дарынды оқушыларды математика пәнінен оқытуда олимпиадалық есептерді жүйелі қолдану арқылы логикалық ойлауды дамытуға бағытталған әдістемелік модель ұсынылады. Ұсынылған модель оқу процесін үш негізгі деңгей бойынша ұйымдастыруды қамтиды: (1) логикалық ойлаудың базалық компоненттерін қалыптастыру (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, абстракциялау, дәлелдеу); (2) оқушыларға олимпиадалық есептерді шығару әдістерін, стратегияларын және эвристикалық тәсілдерін саналы түрде меңгерту; (3) шығармашылық және зерттеушілік есептер арқылы білім алушылардың жоғары деңгейлі ойлау әрекеттерін дамыту. Аталған жұмыста сабақтың ұйымдастыру формалары, есептерді іріктеу критерийлері мен есеп деңгейлеріне қойылатын талаптар, бағалау құралдары және оқушының оқу жетістігін мониторингтеу жүйесі мен рефлексия жүргізу тетіктері сипатталған. Мақала нәтижесінде олимпиадалық есептерді қолданудың тиімділігі логикалық операцияларды дамыту, дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру, шешімдердің көпнұсқалылығын игеру және метатанымдық дағдыларды жетілдіру және тұрақты оқу мотивациясын қалыптастыру тұрғысынан теориялық және практикалық негізде айқындалады. Мақалада ұсынылған әдістемелік модель олимпиадалық есептерді мақсатты, жүйелі, деңгейлік және рефлексиялық тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: дарынды оқушы, олимпиадалық есеп, логикалық ойлау, дәлелдеу, әдістемелік модель, метатаным, проблемалық оқыту.

Zitieren

APA

Тайболдина, Қ. Р., Оспанова, Д. М., Сыдықова, А. Р., & Асқар, Ш. Ұ. (2026). ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 305-317. https://doi.org/10.48081/bgqf2200

Vancouver

Тайболдина ҚР, Оспанова ДМ, Сыдықова АР, Асқар ШҰ. ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2026:305-317. doi:10.48081/bgqf2200

BibTeX
@article{2026,
  author = {Тайболдина, Қ. Р. and Оспанова, Д. М. and Сыдықова, А. Р. and Асқар, Ш. Ұ.},
  title = {ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МОДЕЛІ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
  year = {2026},
  number = {2, 2026},
  pages = {305--317},
  doi = {10.48081/bgqf2200}
}
Kostenlos starten →