ЖАЛАЛАДДИН РУМИ МЕН МӘШҺҮРЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АЛЛА МЕН АДАМ БОЛМЫСЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 41-55
DOI: 10.48081/bgqf2111 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von М. Т. Баймаханбетова und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақалада көрнекті қазақ ойшылы, ақын Мәшһүр Жүсіптің (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы) және парсы философы, мистигі Мәулана Жалаладдин Румидің Алла мен адам болмысы туралы метафизикалық және экзистенциалды дүниетанымы зерттелген. Қос ойшыл түрлі мәдени кеңістікпен тарихи контексттерден шыққанымен, Құдайдың бірлігі мен адамның трансценденттілікке деген ұмтылысын түсінуде бір-біріне ұқсас. Руми үшін адам өмірінің мәні Құдаймен қайта қауышуды аңсауында, мұнда махаббат «мен» шекарасын ысырып тастауға трансформациялық жолына айналады. Мәшһүр Жүсіп ислам теологиясы мен Түрік мәдени дәстүрлерінен бастау алғанымен, адамның моральдық жауапкершілігі мен болмыстың аспектілерінде абсолютті жаратылысты талдайды. Адамзатты ақиқат шындығының көрінісі ретінде және түпкі ақиқатын іздеуші негіз болатын ортақ рухани шындықтар арқылы салыстырмалы талдаулармен Құдай мен адамның бөлінбейтін кеңістік екендігін тереңірек түсіндіріп береді. Адамның қалы мен хәлі бір болмыс емес, шексіз болмыстың айнасы екендігін ашып көрсетеді. Дүниетанымдарында адам мазмұны/ұғымы басты орын алады: «Өзін білетін адам, өз Құдайын біледі» немесе «Өзін таныған, Құдайын таныған». Адам өзін-өзі тану мен Құдайлық білімнің бөлінбейтіндігін және адам оқшауланған болмыс емес, шексіз Құдайдың көрінісі мен айнасы. Мәулана Румидің тылсымға толы философиялық дүниетанымында жанның дененің шекарасынан шығуға деген ұмтылысы ғарыштық саяхатты, көптіктен бірлікке оралуды білдіреді. Мән іздеушіні махаббат, ажырасу және қайта қосылу кезеңдерінен өткізетін символикалық ғалам мағыналарын галактика деп тануы. Адам денесі – түрме емес, жанның трансформацияға түсуі арқылы илаһи жақындыққа апаратын жолды үйренетін ыдыс, я көпір деп тұжырымдауы. Мәшһүр Жүсіп Ислам теологиясы мен Түркі космологиясына сүйене отырып, адамгершілік жауапкершілік пен рухани санамен байланысты және адам баласы ғаламның қақ ортасында орналасатын бірін-бірі толықтыратын перспектива. Еңбектерінің басым бөлігі адамның микрокосмосын (тәні мен жаны) макрокосмоспен (ғалам, мешіт және илаһи тәртіп) байланыстыруы. Жан жердегі, көктегі, уақытша мен шексіздің арасында жүретін мәңгілік саяхатшы. Румидің Мәснауи метафизикалық «планета» ретіндегі параллельдерін және Мәшһүр Жүсіптің адам ағзасын тірі ғарыш ретінде қарастыруын зерттей отырып, мәдени дәстүрлердегі рухани онтологияның бірлігін талданған. Мақалада екі ойшылдың адамзатты үлкен Құдайлық сәулет аясында қалай орналастырғанын жіктеп, талдап, ұсынады: мешіт тәртіптің символы ретінде, галактика шексіз жаратылыстың метафорасы ретінде және жан мен тәннің байланысы экзистенциалды мағынаның осі. Кілтті сөздер: Жәлаладдин Руми, Мәшһүр Жүсіп, Мәулана, жан, галактика, аспан әлемі, дүниетаным, мешіт, медресе, адам, мәснәуи, болмыс.
Zitieren
APA
Баймаханбетова, М. Т., Кемербай, Р. А., & Құдабаев, А. Ж. (2026). ЖАЛАЛАДДИН РУМИ МЕН МӘШҺҮРЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АЛЛА МЕН АДАМ БОЛМЫСЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series, 41-55. https://doi.org/10.48081/bgqf2111
Vancouver
Баймаханбетова МТ, Кемербай РА, Құдабаев АЖ. ЖАЛАЛАДДИН РУМИ МЕН МӘШҺҮРЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АЛЛА МЕН АДАМ БОЛМЫСЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series. 2026:41-55. doi:10.48081/bgqf2111
BibTeX
@article{2026,
author = {Баймаханбетова, М. Т. and Кемербай, Р. А. and Құдабаев, А. Ж.},
title = {ЖАЛАЛАДДИН РУМИ МЕН МӘШҺҮРЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ АЛЛА МЕН АДАМ БОЛМЫСЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {41--55},
doi = {10.48081/bgqf2111}
}
EUVIMED