«Биоалуантүрлілік негіздері» пәнінде өлкетану материалын цифрлық ресурстар арқылы оқыту тиімділігі
Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series · 29.06.2026 · (2, 2026) · 75-90
DOI: 10.48081/bgqf2101 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, online erschienen am 29.06.2026. Verfasst von А. А. Жарылқасын und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада «Биоалуантүрлілік негіздері» пәні бойынша зертханалық сабақтарда аймақтық флористикалық материалдар мен цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың маңызы қарастырылады. Білім беру жүйесін жаңғырту және цифрлық технологияларды енгізу жағдайында биологияны оқытуда теориялық білімді нақты табиғи ортаның ерекшеліктерімен байланыстыратын тиімді әдістемелік тәсілдерді қолдану өзекті болып табылады. Дәстүрлі оқыту тәжірибесінде өсімдіктерді зерттеу көбінесе теориялық материалдармен шектеліп, студенттердің танымдық белсенділігін төмендетеді және зерттеу дағдыларының қалыптасуын қиындатады. Зерттеуде зертханалық сабақтарда аймақтық компонент пен цифрлық ресурстарды біріктіру мүмкіндігі қарастырылды. Виртуалды зертханалар, интерактивті платформалар және өсімдіктердің цифрлық дерекқорлары арқылы Қызылорда облысының флорасын маусымдық жағдайларға тәуелсіз зерттеу мүмкіндігі көрсетілді. Әдістемелік модель биология мамандығы студенттері арасында педагогикалық практика барысында апробациядан өтті. Зерттеуге 105 студент қатысты. Сауалнама, социометриялық талдау және педагогикалық бақылау нәтижелері аймақтық материалдарды цифрлық технологиялармен бірге қолдану оқу мотивациясын арттырып, теориялық білімді түсінуді жақсартатынын және зерттеушілік дағдыларды дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, алынған нәтижелер биология пәнін оқытуда өңірлік компонент пен цифрлық білім беру ресурстарын енгізудің тиімділігінің дәлелін көрсетті. Кілтті сөздері: Аймақтық флора, зертханалық сабақтар, цифрлық білім беру, аймақтық компонент, биологиялық білім.
Zitieren
APA
Жарылқасын, А. А., & Ибадуллаева, С. Ж. (2026). «Биоалуантүрлілік негіздері» пәнінде өлкетану материалын цифрлық ресурстар арқылы оқыту тиімділігі. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, 75-90. https://doi.org/10.48081/bgqf2101
Vancouver
Жарылқасын АА, Ибадуллаева СЖ. «Биоалуантүрлілік негіздері» пәнінде өлкетану материалын цифрлық ресурстар арқылы оқыту тиімділігі. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. 2026:75-90. doi:10.48081/bgqf2101
BibTeX
@article{2026,
author = {Жарылқасын, А. А. and Ибадуллаева, С. Ж.},
title = {«Биоалуантүрлілік негіздері» пәнінде өлкетану материалын цифрлық ресурстар арқылы оқыту тиімділігі},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {75--90},
doi = {10.48081/bgqf2101}
}
EUVIMED