LYTHRUM SALICARIA L. ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕР ҮСТІ БӨЛІГІНДЕГІ ФЛАВОНОИДТАРДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ
Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series · 29.06.2026 · (2, 2026) · 5-18
DOI: 10.48081/bgqf2096 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, online erschienen am 29.06.2026. Verfasst von Г. Ж. Байсалова und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Қазіргі таңда дәстүрлі және халықтық медицинада ағзаның түрлі ауруларын емдеуде өсімдік шикізаты шипалық заттар ретінде қолдануда. Өсімдік текті шикізаттар терапиялық потенциалы бар жаңа, қауіпсіз және қуатты биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде қызығушылық тудырып отыр. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері бойынша халықтың 80% жуығы өсімдік шикізатынан алынған дәрілік заттарды алғашқы медициналық көмекте қолданады екен. Түрлі ауруларды синтетикалық дәрілік заттармен емдеуде жиі қосалқы әсерлер (аллергия, құсу, іш өту, бас ауру т.б.) байқалады. Әдетте өсімдік текті дәрілік заттардың фармакологиялық әсері айқын, жанама әсерлері мардымсыз болады. Сондықтан өсімдік текті дәрілік заттардың жаңа түрлерін іздеу маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда өсімдік құрамында кездесетін флавоноидтар зор қызығушылық туғызады. Флавоноидтар - биологиялық белсенді заттар арасында ең көп таралған қосылыстар. Құрылымдық жағынан көптүрлі, биологиялық белсенділіктері әртүрлі және айқын, уыттылығы төмен көрсеткішке ие. Олардың негізінде қабынуға, бактерияға, вирусқа қарсы жаңа тиімді дәрілік препараттар жасауға болады. Бұл жұмыста Lythrum salicaria L өсімдігінің жер үсті бөлігінен флавоноидтардың жиынтық мөлшерін дифференциалдық спектрофотометриямен анықтау әдістемесін жасау және валидациялау қарастырылды. Өсімдік сығындысы рефлюкс әдісімен алынды. Экстрагент ретінде түрлі концентрациядағы этил спирті қолданылып, ең оңтайлы еріткіш ретінде 70 %-дық этил спирт таңдалды. Сығынды құрамындағы флавоноидтар мен алюминий хлоридінің ерітіндісі арасындағы комплекс түзу реакциясының оңтайлы шамалары анықталды. Сығынды мен алюминий хлоридінің ерітіндісінің көлемдерінің оңтайлы арақатынасы 5:2, комплекс түсінің максималды айқындалу уақыты 40 минутты құрады. Әзірленген әдістемеге арнайылық, сызықтық және дұрыстық көрсеткіштері бойынша валидация жасалынды. Арнайылық көрсеткіші зерттелетін сығынды мен стандартты үлгі – рутиннің дифференциалды спектрлерін салыстыру арқылы жүзеге асырылды. Тәуелсіз айнымалы ретінде шикізат массасы мен тәуелді шама (флавоноидтар шығымы) арасында тура пропорционалды тәуелділіктің болуы сызықтық көрсеткіш бар екендігін дәлелдейді. Әдістеменің қалпына келу интервалы 95,0-ден 100,3 % құрауы дұрыстық көрсеткішін растайды. Кілтті сөздер: Lythrum salicaria L., флавоноидтар, спектрофотометрия, валидация, өсімдік сығындысы, полифенолдар.
Zitieren
APA
Байсалова, Г. Ж., Үсен, Ж. А., Toрсыкбаева, Б. Б., Тухметова, Ж. К., & Талтенов, А. А. (2026). LYTHRUM SALICARIA L. ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕР ҮСТІ БӨЛІГІНДЕГІ ФЛАВОНОИДТАРДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, 5-18. https://doi.org/10.48081/bgqf2096
Vancouver
Байсалова ГЖ, Үсен ЖА, Toрсыкбаева ББ, Тухметова ЖК, Талтенов АА. LYTHRUM SALICARIA L. ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕР ҮСТІ БӨЛІГІНДЕГІ ФЛАВОНОИДТАРДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ. Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. 2026:5-18. doi:10.48081/bgqf2096
BibTeX
@article{2026,
author = {Байсалова, Г. Ж. and Үсен, Ж. А. and Toрсыкбаева, Б. Б. and Тухметова, Ж. К. and Талтенов, А. А.},
title = {LYTHRUM SALICARIA L. ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕР ҮСТІ БӨЛІГІНДЕГІ ФЛАВОНОИДТАРДЫ САНДЫҚ АНЫҚТАУ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {5--18},
doi = {10.48081/bgqf2096}
}
EUVIMED