ӨРІСТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЛАГРАНЖДЫҚ ФОРМАЛИЗМІНЕ КОВАРИАНТТЫ–ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 221-235
DOI: 10.48081/bgqf2042 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Т. Б. Қоштыбаев und 3 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Электродинамикадағы өрістік процестерді арнайы салыстырмалылық теорияның постулаттарын, аналитикалық механиканың вариациялық принциптерін және релятивистік теорияның талаптарын ескеретін лагранж формализмі тұрғысында сипаттау мәселесі дифференциалдық геометрия мен алгебралық топология (қабатталған кеңістік) секілді заманауи математикалық аппарат арқылы көрсетілді. Өрістердің релятивистік теориясындағы лагранжианға қойылатын талаптар, үзіліссіз жүйенің энергия–импульс тензоры, электромагниттік өріске қойылатын коварианттық шарттар (көзқарастар), электромагниттік өрістің импульстік бейнесі және көп импульстік формализм қағидалары физика–техникалық маңыздағы арнайы модельдер шеңберінде қарастырылды. Лагранжианның Минковский мен фазалық кеңістіктердегі өрнектерінің коварианттық үлгілері лежандр морфизмі негізінде шығарылып көрсетілді. Осылармен берге, өрістер теориясының коварианттық өрнектері конфигурациялық кеңістіктегі Янг–Мильстің лагранжианы мен Эйлер–Лагранж теңдеулерін пайдалану арқылы алынды. Барлық есептеулер дифференциалдық геометрия мен алгебралық топология талаптарына сай жүргізілді. Өрістік функцияларға арналған қозғалыс теңдеулері вариациялық принциптерді қолданатын үзіліссіз жүйелердің математикалық аппараты бойынша қарастырылды. Ли алгебрасының құрылымдық тұрақтысы мен топтар арасындағы базистік құрылымдар арқылы конфигурациялық кеңістігіндегі Янг–Миллстің еркін лагранжианынының өрнегі ықшамды түрге келтірілді. Лежандрлық морфизммен қауымдасқан лагранжианның және лагранждық формализмдегі көп импульстік гамильтонианның өрнектері коварианттық үлгіде жазылды. Өрістік функцияларға арналған қозғалыс теңдеулері вариациялық принциптерді қолданатын үзіліссіз жүйелердің математикалық аппараты мен Эйлер–Лагранждың алгебралық теңдеуі негізінде қарастырылды. Кілтті сөздер: лагранж формализмі, электромагниттік өріс, лагранжиан, қабатталған кеңістік, электродинамика, дифференциалдық геометрия, өрістік функция.
Zitieren
APA
Қоштыбаев, Т. Б., Алиев, Ш., Жавлиева, А. Т., & Алиева, М. Е. (2026). ӨРІСТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЛАГРАНЖДЫҚ ФОРМАЛИЗМІНЕ КОВАРИАНТТЫ–ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 221-235. https://doi.org/10.48081/bgqf2042
Vancouver
Қоштыбаев ТБ, Алиев Ш, Жавлиева АТ, Алиева МЕ. ӨРІСТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЛАГРАНЖДЫҚ ФОРМАЛИЗМІНЕ КОВАРИАНТТЫ–ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2026:221-235. doi:10.48081/bgqf2042
BibTeX
@article{2026,
author = {Қоштыбаев, Т. Б. and Алиев, Ш. and Жавлиева, А. Т. and Алиева, М. Е.},
title = {ӨРІСТЕР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЛАГРАНЖДЫҚ ФОРМАЛИЗМІНЕ КОВАРИАНТТЫ–ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {221--235},
doi = {10.48081/bgqf2042}
}
EUVIMED