ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Bulletin of Toraighyrov University. Philology series · 30.06.2026 · (2, 2026) · 194-208
DOI: 10.48081/bgqf1987 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, online erschienen am 30.06.2026. Verfasst von Е. Қ. Кенесов und 2 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақала фольклорлық дискурстың жанрлық ерекшеліктерін анықтауға арналады. Ғылыми жұмыс тіл білімінің жаңа бағыттары аясында орындалды. Зерттеудің мақсаты – фольклорлық дискурстың жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Зерттеудің міндеттері: 1) фольклорлық дискурсты зерттеудің өзектілігін негіздеу; 2) фольклорлық дискурс ұғымының және оның жанрлық түрлерінің анықталуына шолу жасау; 3) ертегі дискурсы мен оның жанрлық ерекшелігін, дискурсқұраушы белгілерін анықтау; 4) жұмбақ дискурсы ұғымын анықтау, дискурсқұраушы ерекшелігін сипаттау; 5) ән дискурсы ұғымын анықтау және оған тән жанрлық ерекшеліктерін зерделеу. Зерттеу нысаны – ертегі дискурсы, жұмбақ дискурсы, ән дискурсы. Зерттеу пәні – фольклорлық дискурстың жанрлық ерекшеліктері. Ғылыми жұмыста фольклорлық жанрдың ертегі дискурсы, жұмбақ дискурсы, ән дискурсы түрлеріне анықтама берілді, олардың дискурсқұраушы белгілері жеке-жеке талданып, кестеге түсірілді. Зерттеудің әдістері ретінде жалпығылыми әдістермен бірге дискурс талдау, фольклорлық дискурсты лингвомәдени талдаудың көпфакторлы үлгісі тиімді қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы қазақ тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыттардың, атап айтқанда, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, дискурсология, лингвофольклористика т.б. салаларының теориясын толықтыруға ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңызы фольклорлық дискурстың басқа жанрларының ерекшеліктерін, дискурсқұраушы белгілерін анықтауда, талдауда негізге алуға болады, ғылыми жұмыстарды, жоғары оқу орындарында арнаулы курс бағдарламаларын жасауда пайдалы болады.
Zitieren
APA
Кенесов, Е. Қ., Исакова, С. С., & Исакова, А. С. (2026). ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series, 194-208. https://doi.org/10.48081/bgqf1987
Vancouver
Кенесов ЕҚ, Исакова СС, Исакова АС. ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ. Bulletin of Toraighyrov University. Philology series. 2026:194-208. doi:10.48081/bgqf1987
BibTeX
@article{2026,
author = {Кенесов, Е. Қ. and Исакова, С. С. and Исакова, А. С.},
title = {ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Philology series},
year = {2026},
number = {2, 2026},
pages = {194--208},
doi = {10.48081/bgqf1987}
}
EUVIMED