АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)
Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series · 31.03.2026 · (1,2026) · 42-54
DOI: 10.48081/bgqf1970 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, online erschienen am 31.03.2026. Verfasst von А. Н. Құршан und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада ауыз су құрамындағы ауыр металдардың адам ағзасына әсерін сипаттайтын ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Әдеби шолу барысында отандық және шетелдік зерттеулерде келтірілген мәліметтер талданып, ауыр металдардың ауыз суға түсу көздері, таралу жолдары және адам денсаулығына тигізетін негізгі әсерлері қарастырылды. Ауыр металдар қоршаған ортада табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен кең таралған ластаушы заттар қатарына жатады. Олар ауыз су арқылы адам ағзасына түсіп, ұзақ уақыт бойы жинақталу қасиетіне ие. Әдеби деректерге сәйкес, қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк, хром, мыс және мырыш сияқты ауыр металдар жүйке жүйесіне, бауыр мен бүйрекке, жүрек-қантамыр және қан түзу жүйелеріне уытты әсер көрсетуі мүмкін. Кейбір металдар аз мөлшерде физиологиялық маңызға ие болғанымен, олардың рұқсат етілген шекті концентрациядан артуы денсаулыққа қауіпті салдарға әкеледі. Ауыр металдардың химиялық формасы олардың ағзада сіңірілуі мен уыттылық деңгейіне тікелей әсер етеді. Мақалада ауыз су сапасын тұрақты бақылаудың және ауыр металдардың адам денсаулығына төндіретін қауіп-қатерін кешенді түрде бағалаудың маңыздылығы көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері ауыз судағы ауыр металдар мәселесінің өзектілігін дәлелдеп, халық денсаулығын қорғау үшін алдын алу шараларын күшейту қажеттігін негіздейді.
Zitieren
APA
Құршан, А. Н., & Бахтин, М. М. (2026). АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ). Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series, 42-54. https://doi.org/10.48081/bgqf1970
Vancouver
Құршан АН, Бахтин ММ. АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ). Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series. 2026:42-54. doi:10.48081/bgqf1970
BibTeX
@article{2026,
author = {Құршан, А. Н. and Бахтин, М. М.},
title = {АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ (ӘДЕБИ ШОЛУ)},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Chemistry & Biology series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {42--54},
doi = {10.48081/bgqf1970}
}
EUVIMED