СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 31.03.2026 · (1, 2026) · 197-218
DOI: 10.48081/bgqf1895 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, online erschienen am 31.03.2026. Verfasst von Т. Б. Қоштыбаев und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақалада магниттік реттілікті жүйедегі спиндік толқындардың макроскоптық, кванттық қасиеттері және олардың қолданылу механизмдеріне қатысты теориялық зерттеулер ұсынылған. Магниттік момент пен магнит өрістерінің тербелісі Фурье бейнеде қарастырылып, магнит қабылдағыштықтың уақыттық-кеңістіктік дисперсиясы Максвелл теңдеулерінің көмегімен шығарылған. Магнитостатикалық жуықтаулар арқылы спиндік толқындардың спектрін анықтайтын дисперсиялық теңдеуді алу жолдары ұсынылды. Спиндік толқындардың әлсіреу (өшу) механизмдері мен олардың параметрлік қоздырылуы қарастырылды. Қозғалыс теңдеуінің көмегімен магниттік момент тығыздығының біртекті және біртексіз тербелістерінің өзара байланыстары бағаланды. Есептеулер кезінде магниттік анизотроптық энергия ескерілмеді, сонымен бірге толқындық вектор нөлге тең және нөлге тең емес деп алынды. Ферромагнетиктен өтетін ауыр және жеңіл бөлшектердің шоғыры (сәулесі) арқылы спиндік толқындарды қоздыру және оларды күшейту мәселесі гидродинамиканың негізгі теңдеуі арқылы шешілді. Бұл теңдеу арқылы шоғырдағы жеңіл бөлшектердің концентрациясы мен жылдамдықтарының кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістері тексерілді. Эйлерлік координаталарда ферромагнетиктің бірлік массасына келетін серпімділік күші мен ферромагнетик энергиясының тығыздығы магнитостатика теңдеулері мен үзіліссіздік теңдеуі арқылы анықталды. Ферромагнетиктің потенциялдық энергиясының тығыздығы мен эффективті магнит өрісіне арналған өрнектер эйлерлік және лагранждық координаталардың инварианттары арқылы жазылды. Өзара әсерлесуші екі магноннан тұратын жүйедегі байланысқан күйлер ферромагнетиктің гамильтонианы мен импульстік көріністегі екі магнондық толқындық функцияға арналған Шредингер теңдеуімен зерттелді. Жекелеген атомдар спиндерінің бағыттарының арасындағы күшті корреляциялар спиндердің корреляциялық функциялары арқылы сипатталды, олар Фурье құраушылар мен Грин функциясы арқылы өрнектелді. Кілтті сөздер: спиндік толқындар, магниттік момент, магнондар, ферромагнетик, дисперсиялық теңдеу, магнитостатика теңдеулері, эйлерлік және лагранждық координаталар.
Zitieren
APA
Қоштыбаев, Т. Б., Жантлеуов, К. Қ., Камал, Б. Ә., Алиева, М. Е., & Құрбанғалиев, Ұ. Б. (2026). СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 197-218. https://doi.org/10.48081/bgqf1895
Vancouver
Қоштыбаев ТБ, Жантлеуов КҚ, Камал БӘ, Алиева МЕ, Құрбанғалиев ҰБ. СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2026:197-218. doi:10.48081/bgqf1895
BibTeX
@article{2026,
author = {Қоштыбаев, Т. Б. and Жантлеуов, К. Қ. and Камал, Б. Ә. and Алиева, М. Е. and Құрбанғалиев, Ұ. Б.},
title = {СПИНДІК ТОЛҚЫНДАРДЫҢ МАКРОСКОПТЫҚ ЖӘНЕ КВАНТТЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
year = {2026},
number = {1, 2026},
pages = {197--218},
doi = {10.48081/bgqf1895}
}
EUVIMED