ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ТАНУ ДӘЛДІГІНЕ ВИЗУАЛДЫ ДЕРЕКТЕР ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ
Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series · 31.03.2026 · (1, 2026) · 68-80
DOI: 10.48081/bgqf1888 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, online erschienen am 31.03.2026. Verfasst von Д. Ж. Хабсихова und 1 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Мақала туристік нысандарды автоматты түрде тану дәлдігіне визуалды деректердің сапалық параметрлерінің әсерін бағалауға бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – кескін сапасының статистикалық сипаттамаларының туристік нысандарды тану жүйелерінің тиімділігіне ықпалын талдау. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан аумағындағы туристік маңызы бар 12 нысанды қамтитын әрі әр сыныпта 300 кескіннен тұратын деректер жиынтығы қолданылды. Талдау барысында қолданылған кескіндер әртүрлі жарықтандыру деңгейлерінде, ауа райының өзгермелі факторларында және әрқилы түсіру бұрыштары жағдайында алынған, бұл визуалды деректер сапасының біркелкілігінің толық көлемде сақталмауына себеп болады. Кескіндердің сапасын сипаттау үшін негізгі сапалық параметрлері, атап айтқанда жарықтылық (brightness), контраст (contrast) және айқындық (sharpness) есептелді. Алынған мәліметтер негізінде параметрлер арасындағы өзара байланысты зерттеу үшін корреляциялық талдау, деректер құрылымын зерттеу үшін басты компоненттер әдісі (PCA) және кескіндердің сапа деңгейіне қарай топтастыру үшін K-Means кластерлеу алгоритмі қолданылды. Зерттеу нәтижелері кескін айқындығының туристік нысандарды тану дәлдігіне айтарлықтай ықпал ететінін көрсетті, ал шу деңгейінің артуы тану сапасының төмендеуіне әкеледі. Жарықтылық параметрінің әсері салыстырмалы түрде әлсіз екені байқалды. Зерттеу қорытындысы туристік нысандарды тану жүйелерін жобалау кезінде визуалды деректер сапасын алдын ала ескерудің маңыздылығын дәлелдейді. Кілтті сөздер: туристік нысандарды тану, визуалды деректер сапасы, кескін айқындығы, PCA, K-Means кластерлеу, корреляциялық талдау.
Zitieren
APA
Хабсихова, Д. Ж., & Айтимова, Ұ. Ж. (2026). ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ТАНУ ДӘЛДІГІНЕ ВИЗУАЛДЫ ДЕРЕКТЕР ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series, 68-80. https://doi.org/10.48081/bgqf1888
Vancouver
Хабсихова ДЖ, Айтимова ҰЖ. ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ТАНУ ДӘЛДІГІНЕ ВИЗУАЛДЫ ДЕРЕКТЕР ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series. 2026:68-80. doi:10.48081/bgqf1888
BibTeX
@article{2026,
author = {Хабсихова, Д. Ж. and Айтимова, Ұ. Ж.},
title = {ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ТАНУ ДӘЛДІГІНЕ ВИЗУАЛДЫ ДЕРЕКТЕР ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Physics & Mathematics series},
year = {2026},
number = {1, 2026},
pages = {68--80},
doi = {10.48081/bgqf1888}
}
EUVIMED