ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЭТИКАЛЫҚ ДИЛЕММАЛАР: МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІ
Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series · 30.03.2026 · (1,2026) · 114-126
DOI: 10.48081/bgqf1872 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series, online erschienen am 30.03.2026. Verfasst von А. Ч. Рамазанова und 3 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық бірегейлік пен этикалық дилеммалар рухани мәдениет контексінде философиялық тұрғыда талданады. Зерттеу жазушы прозасын тарихи жады, моральдық таңдау және рухани жауапкершілік тоғысатын күрделі этикалық модель ретінде қарастырады. Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлердің таңдауы дәстүр мен заман талабы, ар-ождан мен бейімделу, еркіндік пен жауапкершілік арасындағы қайшылықтар арқылы ашылады. Зерттеуде «Тазының өлімі» [1], «Көк мұнар» [2], «Бір атаның балалары» [3], «Сары қазақ» [4], «Мен» [5] шығармалары герменевтикалық және аксиологиялық әдістер негізінде талданып, ұлттық болмыстың көркем мәтінде қалай этикалық категорияға айналатыны айқындалады. Жазушының көркем әлемінде ұлттық бірегейлік дайын күйінде берілмей, жеке тұлғаның моральдық таңдауы мен рухани ұстанымы арқылы қалыптасатын құндылық ретінде сипатталады. Мақала нәтижелері Мұхтар Мағауин шығармашылығының қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс, тарихи жадының үзіліуі және мәдени сабақтастық мәселелерін түсіндірудегі философиялық әлеуетін айқындайды, сондай-ақ оның прозасының қазіргі гуманитарлық зерттеулер үшін маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері халық білімін философиялық тұрғыда талдаудың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақ прозасындағы этикалық ойлаудың көркемдік формаларын анықтауға негіз болады.
Zitieren
APA
Рамазанова, А. Ч., Кикимбаев, М. Ж., Атымтаева, А. Ж., & Шыныбеков, Б. Ш. (2026). ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЭТИКАЛЫҚ ДИЛЕММАЛАР: МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІ. Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series, 114-126. https://doi.org/10.48081/bgqf1872
Vancouver
Рамазанова АЧ, Кикимбаев МЖ, Атымтаева АЖ, Шыныбеков БШ. ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЭТИКАЛЫҚ ДИЛЕММАЛАР: МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІ. Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series. 2026:114-126. doi:10.48081/bgqf1872
BibTeX
@article{2026,
author = {Рамазанова, А. Ч. and Кикимбаев, М. Ж. and Атымтаева, А. Ж. and Шыныбеков, Б. Ш.},
title = {ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЭТИКАЛЫҚ ДИЛЕММАЛАР: МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {114--126},
doi = {10.48081/bgqf1872}
}
EUVIMED