EUVIMEDEUVIMED entdecken
Crossref

БІЛІМ БЕРУ РОБОТОТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Н. К. Токжигитова, Д. Т. Алибекова, Л. Т. Алдибаева

Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 23.03.2026 · (1,2026) · 638-649

DOI: 10.48081/bgqf1860 ↗

Kurz gefasst

Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von Н. К. Токжигитова und 2 weiteren Autor:innen.

AbstractBibliografische AngabenZitierenVerwandte Studien

Abstract (Originalsprache)

Мақалада білім беру робототехникасын қолдану арқылы оқушылардың жобалық жұмыстарын жетілдіру жолдары зерттеледі. Робототехника оқушылардың техникалық дағдыларын дамытуға, шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Мақалада робототехниканы оқу процесіне интеграциялау әдістері, жобалық жұмыстардың тиімділігін арттырудың педагогикалық тәсілдері және оқушылардың практикалық білімдерін нығайту жолдары қарастырылады. Зерттеу аясында 6-8 сынып оқушыларының жобалық дағдыларын дамытуға бағытталған «Робототехника негіздері» курсы әзірленді. Курс педагогикалық эксперименттің бөлігі ретінде мектептің сабақтан тыс жүйесіне біріктірілді. Нәтижелерді бағалау үшін оқушылардың жобалық дағдыларының дамуын өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы бағалау кестесі құрылды. Тәжірибе көрсеткендей, осы курстан өткен оқушылар жобалық жұмыс саласындағы білімдері мен дағдыларын арттырды. Жобалық іс-шаралар оқытудың тәжірибеге бағытталған түрі бола отырып, олар үшін қызықты және мазмұнды болды. Зерттеу нәтижелері білім беру процесінде робототехниканы қолдану оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылатып, олардың инновациялық идеяларды жүзеге асыру қабілетін күшейтетінін көрсетеді. Мектеп бағдарламасында робототехниканы қолдануды кеңейту және оқушылардың жобалау дағдыларын дамыту және оқыту әдістерін одан әрі жетілдіру үшін осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыру ұсынылады. Кілтті сөздер: білім беру робототехникасы, жобалық жұмыстар, жетілдіру, дағдылар, оқушылар.

Zitieren

APA

Токжигитова, Н. К., Алибекова, Д. Т., & Алдибаева, Л. Т. (2026). БІЛІМ БЕРУ РОБОТОТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 638-649. https://doi.org/10.48081/bgqf1860

Vancouver

Токжигитова НК, Алибекова ДТ, Алдибаева ЛТ. БІЛІМ БЕРУ РОБОТОТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2026:638-649. doi:10.48081/bgqf1860

BibTeX
@article{2026,
  author = {Токжигитова, Н. К. and Алибекова, Д. Т. and Алдибаева, Л. Т.},
  title = {БІЛІМ БЕРУ РОБОТОТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ},
  journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
  year = {2026},
  number = {1,2026},
  pages = {638--649},
  doi = {10.48081/bgqf1860}
}
Kostenlos starten →