«ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series · 23.03.2026 · (1,2026) · 329-345
DOI: 10.48081/bgqf1843 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, online erschienen am 23.03.2026. Verfasst von В. Б. Рыстыгулова und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Физиканың «Электр және магнетизм» бөлімі оқушылар үшін концептуалдық күрделілігімен ерекшеленеді, бірақ деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы бұл мәселелерді жеңуге болады. Ж.А. Қараевтың әдістемесі бойынша, материалды 4 кезеңде (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) беру оқушылардың білімін тереңдетіп, электромагниттік құбылыстарды түсінуін жеңілдетеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл тәсіл оқу мотивациясын арттырып, үлгерімді жақсартады, сонымен қатар визуалдық үлгілер мен практикалық тапсырмалар арқылы материалды қабылдауды тиімді етеді. Деңгейлеп оқыту әдісі тек қана теориялық білім берумен шектелмей, оқушылардың зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға да ықпал етеді, бұл келешекте кванттық физика сияқты күрделі тақырыптарды меңгеруге негіз болады. Осылайша, бұл технология физиканы оқытудың тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Мақалада «Электр және магнетизм» бөлімінің мазмұндық ерекшеліктері талданып, виртуалды физика құралдары мен компьютерлік ойындар арқылы тақырыпты визуалды және практикалық түрде меңгерту жолдары сипатталып, деңгейлік тапсырмалар құрастырылған. Зерттеу нәтижелері Стьюденттің t-критерийі арқылы өңделіп, эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштер арқылы оқушылардың білім деңгейінің артқандығы дәлелденген. Статистикалық гипотезаның Н1: «Эксперимент басы мен соңындағы көрсеткіштер арасында ілгерілеушілік бар» деген тұжырымы қабылданды. Осы гипотезаның дәлелдемесін визуализациялау үшін эксперименттің басы мен соңындағы оқушылардың орташа білім деңгейі мен әрбір оқушының үлгерім нәтижесіне баған диаграммасы (гистограмма) тұрғызылып, талданған. Кілтті сөздер: деңгейлеп оқыту технологиясы, электр және магнетизм, виртуалды физика құралдары, t-критерийі, білім деңгейінің мониторингі, статистикалық гипотеза
Zitieren
APA
Рыстыгулова, В. Б., Құдайберген, Б. Б., Сыдыкова, Ж. К., Жусипбекова, Ш. Е., & Байзакова, С. С. (2026). «ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series, 329-345. https://doi.org/10.48081/bgqf1843
Vancouver
Рыстыгулова ВБ, Құдайберген ББ, Сыдыкова ЖК, Жусипбекова ШЕ, Байзакова СС. «ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series. 2026:329-345. doi:10.48081/bgqf1843
BibTeX
@article{2026,
author = {Рыстыгулова, В. Б. and Құдайберген, Б. Б. and Сыдыкова, Ж. К. and Жусипбекова, Ш. Е. and Байзакова, С. С.},
title = {«ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Pedagogics series},
year = {2026},
number = {1,2026},
pages = {329--345},
doi = {10.48081/bgqf1843}
}
EUVIMED