ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Bulletin of Toraighyrov University. Economics series · 30.03.2026 · (1, 2026) · 328-341
DOI: 10.48081/bgqf1811 ↗Kurz gefasst
Fachartikel in der Zeitschrift Bulletin of Toraighyrov University. Economics series, online erschienen am 30.03.2026. Verfasst von Р. Мұратбекұлы und 4 weiteren Autor:innen.
Abstract (Originalsprache)
Бұл мақалада шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдірудің өңірлік аспектілері Қызылорда облысы мәліметтері негізінде қарастырылады. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы және өңірлік деңгейдегі шағын және орта бизнесті қолдаудың теориялық және практикалық негіздерін зерттей отырып, Қызылорда облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін анықтау және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері: шағын және орта бизнес ұғымының экономикалық мәнін ашу, Қызылорда облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі даму жағдайына талдау жасау, мемлекеттік қолдау құралдарының тиімділігін бағалау, сондай-ақ шетелдік және отандық тәжірибені салыстыру негізінде өңірлік қолдау механизмдерін жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады. Зерттеу барысында жүйелі талдау, салыстырмалы әдіс, статистикалық деректерді талдау, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдаудың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтау мақсатында SWOT-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін негізгі мәселелер, оның ішінде қаржылық ресурстарға қолжетімділіктің шектеулілігі, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, ақпараттық-кеңестік қолдаудың әлсіздігі және мемлекеттік қолдау шараларының тиімді іске асырылмауы анықталды. Мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, қаржылық қолдау құралдарын жетілдіру, кәсіпкерлік инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті күшейту бағыттары ұсынылды. Алынған нәтижелер шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіруге және оның өңірлік экономиканың дамуына қосатын үлесін арттыруға негіз бола алады. Кілтті сөздер: шағын бизнес, аграрлық сектор, мемлекеттік қолдау, өңір, даму, кәсіпкерлік, саясат, әртараптандыру.
Zitieren
APA
Мұратбекұлы, Р., Хасенова, К. Е., Оразгалиева, А. К., Рустемова, А. Т., & Оралбаева, А. (2026). ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА). Bulletin of Toraighyrov University. Economics series, 328-341. https://doi.org/10.48081/bgqf1811
Vancouver
Мұратбекұлы Р, Хасенова КЕ, Оразгалиева АК, Рустемова АТ, Оралбаева А. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА). Bulletin of Toraighyrov University. Economics series. 2026:328-341. doi:10.48081/bgqf1811
BibTeX
@article{2026,
author = {Мұратбекұлы, Р. and Хасенова, К. Е. and Оразгалиева, А. К. and Рустемова, А. Т. and Оралбаева, А.},
title = {ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ (ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)},
journal = {Bulletin of Toraighyrov University. Economics series},
year = {2026},
number = {1, 2026},
pages = {328--341},
doi = {10.48081/bgqf1811}
}
EUVIMED